Бас жаңалықтар
Семейде кәріз қақпақтарын ұрлаушылар ұсталды
16 Мамыр 2021, 20:01 421

Семейде кәріз қақпақтарын ұрлаушылар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде кәріз құдықтарының қақпақтарын ұрлаушылар ұсталды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде Қарағайлы ықшам ауданындағы кәріз қақпақтарын ұрлағандар туралы бейнематериал пайда болды. Кадрлардан автокөліктің құдық жанына тоқтап, қаскүнемдердің бірінің қақпақты салонға тиеп, содан кейін кеткенін көруге болады. Ұрылар тал түсте әрекет жасаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағайлы ықшам ауданындағы кәріз қақпақтарын ұрлаған Семей қаласының екі тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...