Семейде екі күнде 21 адамнан обыр дерті анықталды

13 Ақпан 2019, 15:12
1983
Бөлісу:
Семейде екі күнде 21 адамнан обыр дерті анықталды

Астана, BAQ.KZ. Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары  екі күннің ішінде 21 адамнан обыр дертін анықтады. Тағы 54 тұрғынның диагнозы нақтылану үстінде, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Семейде 8-9 ақпан күндері өңірлік Онкологиялық диспансердің ашық есік күніне орай 300-ге жуық тұрғын келіп, тексерістен өткен. Нәтижесінде  онколог дәрігерлер 21 адамнан рак ауруын анықтады. Тағы 54 тұрғыннан аталмыш аурудың белгілері байқалған. 242 тұрғыннан басқа да ауру түрлері анықталған.

Мамандардың айтуынша, обыр 50-ден асқан адамдар арасында жиі кездеседі. Бұған адамдардың дәрігерге сирек қаралуы себеп болатын көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы