Бас жаңалықтар
Семейде 170 автобус құрастырылады
04 Сәуiр 2019, 16:14 682

Семейде 170 автобус құрастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді бағдарламасы аясында Семей қаласында 170 автобус құрастырылмақ. Бұл туралы Семей қаласының ақпараттық орталығы  хабарлады. 


"Біз Атырау қаласына арналған автобустарды жинауды аяқтадық. Енді қалаға арналған автобустар құрастырылады. Келісім-шарт бойынша 110 "Daewoo" және 60 "Dong Feng"маркалы автобустарын құрастыратын боламыз", - деді "Dаewoo bus Kazakhstan" көлік құрастыру зауыты директорының орынбасары Марат Мәкішев. 

Оның айтуынша, 170 автобустың 30 үлкен класты, 80 орта және 60 шағын класты. Қазақстандық қамту 40-45 пайызды құрайды. Автобус шанағы көлік құрастыру зауытының өзінде дайындалмақ . "Daewoo" автобустарын жинауда 111 адам жұмыс істеп, автобустарға 24 ай мерзімінде кепілдік беріледі. Жоспар бойынша құрастыру жұмыстары алдағы айларда аяқталады.

Жақында ғана қала әкімі Ермак Сәлімов қоғамдық көлік жұмысын тексерді. 4 және 5 ,бағыттарда рейд жүргізген ол, қала тұрғындарына алдағы уақытта барлық ескі автобустар жаңасына ауыстырылатынын хабарлады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қоғамдық көлік жұмысын өз бақылауында ұстап, автобус парктерін жаңарту мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.


 


Загрузка...