Семей қаласының әкімі коронавирустан жазылды

8 Шілде 2020, 14:31
1446
Бөлісу:
Семей қаласының әкімі коронавирустан жазылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-ды анықтау үшін соңғы тапсырған тесттен кейін, мен қатаң түрдегі оқшаулау режимінде болып, дәрігерлердің барлық талаптарын орындадым. Коронавирус жұқтырып, емделіп шыққан Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов осылай деді.

Бұл шаралар менің денсаулығыма оң әсерін тигізді, оны коронавирусқа арналған екінші тест көрсетіп, теріс нәтиже берді. Бүгіннен бастап мен әдеттегідей жұмысымды жалғастырамын. Барлық жерлестеріме қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, - деді қала басшысы.

Кеше ғана облыс әкімі Даниал Ахметов бас дәрігерлердің қатысуымен ауруханаларды қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өткізді.

Жиында облыс әкімі бізге медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің болуы туралы мәліметтерді жариялауды тапсырған болатын. Қазіргі таңда қаланың уақытша және жұқпалы ауруханаларында дәрі-дәрмектердің қоры жеткілікті. Қаладағы қолжетімді дәрілердің жалпы саны 74929 бірлікті құрайды, оның ішінде 12947 – ыстық түсіретін, 1141 - вирусқа қарсы препарат және 60841 - антибиотик. Бұл дәрі-дәрмектер ауруханалардың жаппай толған кезінде де көмек көрсету үшін жеткілікті. Дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жоғары бағамен сатылу фактілерін анықтау мақсатында жүйелі түрде рейдтер өткізіліп тұрады - деді Ермак Сәлімов.

Ол қала дәріханаларында ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың жетіспейтіндігін мойындайтынын айтты.

Дәрі-дәрмектерді халықтың жаппай негізсіз сатып алуы фармацевтикалық нарықтағы тапшылықтың басты себептерінің бірі болып отыр. Бұл – шешімін табатын мәселе. Бүгіннен бастап жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерді жеткізу басталды және бұл бағыттағы жағдай қалыпқа келеді. Жағдай менің жеке бақылауымда. Бұл індетті тезірек жеңіп, қалыпты тіршілікке оралу бәрімізге ортақ мақсат. Сондықтан мен тағы бір мәрте баршаңыздан бекітілген сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің қатерлі індетті жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы