SCAT, Air Astana, Fly Arystan клиенттеріне тоқтатылған рейстер үшін ақша қайтарылады

29 Шілде 2020, 17:06
1032
Бөлісу:
SCAT, Air Astana, Fly Arystan клиенттеріне тоқтатылған рейстер үшін ақша қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтық авиация саласында азаматтардың тұтынушылық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда. 

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Bek Air-ден басқа, комитет қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында төтенше жағдай кезінде жойылған рейстерге билеттердің құнын қайтару бойынша Scat, Air Astana, Fly Arystan авиакомпанияларымен өзара іс-қимыл жасайды. Бүгінгі таңда комитет осы уақытқа дейін ақшалай қаражаты өтелмеген азаматтардың тізімін жасауда. Осыған байланысты, отандық авиакомпаниялардың тоқтатылған рейстері үшін қаражат алмаған азаматтар (төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты) билетті сатып алғанын растайтын барлық құжаттарды (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, авиабилет, төлемді растау) қоса бере отырып, ТҚҚК-не жүгінуі қажет, - делінген хабарламада.

ТҚҚК-нің атына өтініш электрондық үкімет порталы арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады. Поштамен мына мекен-жай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс. Сондай-ақ телеграмм-бот арқылы: kzpp_bot.

Естеріңізге сала кетейік, Bek Air  АҚ әуекомпаниясына ТҚҚК-нің 2 талап арызын Алматы қаласының Түрксіб соты толық көлемде қанағаттандырды. 990 тұтынушының мүдделері қорғалды. Сот Bek Air-ге тоқтатылған рейстерге билеттер үшін азаматтарға жалпы 60,1 млн теңге қайтаруды міндеттеді.

Өзгелердің жаңалығы