Сайлауды кедергісіз өткізу баршамызға міндет – ақмолалық аграрийлер

25 Сәуір 2019, 20:54
2097
Бөлісу:
Сайлауды кедергісіз өткізу баршамызға міндет – ақмолалық аграрийлер
Фото: автордан

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмолалық аграрийлері елімізде өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қолдау білдірді.

«Аграрлық сектор» бағыты бойынша өңірлік партия кураторы, облыстық мәслихат депутаты Максим Божко Ұлт көшбасшысының ұстанған бағытын әрі қарай жалғастыру үшін кезектен тыс президенттік сайлау өткізудің маңыздылығына тоқталды.

«Басқа мемлекеттерде биліктің саяси ауысуы түрлі жағдайда өтетінін байқап жүрміз. Сайлауды кедергісіз өткізу баршамызға міндет. Сындарлы сәтте еліміздің әрбір азаматы саяси науқаннан бей-жай қалмай, үн қосуы маңызды. Осы ретте, біз «Nur Otan» партиясының атынан президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын толық қолдаймыз», - деді Максим Божко.

Ол өз сөзінде өңірдің агроөнеркәсіп саласындағы оң өзгерістерді мемлекет қолдауымен байланыстырды.

«Аграрлық саланың ел экономикасында алар орны ерекше. Былтыр өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 29 миллиард теңге субсидия бөлінді. 4,4 мың шаруашылық мемлекеттік қолдауға ие болды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан өңір диқандары 5,6 млн тонна астық жинады. Биыл 4,7 млн га жерге дәнді дақылдарсебуді жоспарлап отыр. Өңірде мал шаруашылығы саласы да үздіксіз дамуда. Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында 5 ірі сүт-тауарлы фермасын салу жоспарланып отыр», - дейді Максим Божко.

«Никольский» ЖШС директоры Қазақстан Жанәділовтің пікірінше, аграрлық саланың дамып, өркендеуі үшін қоғамдағы тұрақтылықтың маңызы зор.

«Мемлекет қолдауының арқасында былтыр 33098 мың теңг субсидияға қол жеткіздік. Шаруашылығымызда 13 мың га жер бар. Биыл 5,4 мың га дәнді дақылдар, 4,0 га майлы дақылдар, 100 га жүгері, 200 га біржылдық шөп егуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ елорда айналасындағы азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында сүт-тауары фермасының құрылысын бастамақшымыз. Аталған нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі. Біз, ақмолалық аграршылар еліміз үшін маңызды саяси оқиға – кезектен тыс сайлау өткізуді бірауыздан қуаттаймыз. Сайлау өткізу уақыт талабы. Өйткені, Президент елдің ішкі-сыртқы дамуының бағдарын анықтайды. Болашақ Президентіміздің саясаты да елдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталарына сенімдіміз», - дейді Қазақстан Жанәділов.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері Совет Балтабайдың осы бір сындарлы сәтте еліміз өзінің осы уақытқа дейін жеткен бірлігі мен тыныштығын сақтап, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев салып берген сара жолынан айнымай, Қазақстанның қандай мемлекет екенін әлемге паш етуге кәрі-жасымыз, жалпы әрбір қазақстандық азамат тырысуымыз керек деп есептейді.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ардагерлер ұйымында қазір 67 мүше бар. Бұлар өңірдің ауыл шаруашылығының барлық салаларында қызмет атқарған, аграрлы облыстың дамуына өз үлесін қосқан, қазірде қолдарынан келгенше көмектерін, ақыл-кеңестерімен саптан қалмай келе жатқан ардагерлер. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы жасалып, Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде жобаны жүзеге асыруға 90 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын. Бұл игі бастаманы барынша қолдаймыз. 9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні болып бекітілгеннен кейін біздің ардагерлер еліміз үшін өте маңызды шараны қолдайтындықтарын білдірді. Бұл дер кезінде қабылданған шешім. Қазір әлем назары біздің елімізде. Бұл – бірлігіміз безбенделер сәт. Біз, ауыл шаруашылығы ардагерлері, алдымен ауылдың, сондағы халықтың жағдайын жақсартуға бар мүмкіндікті іске қоса алатын, ел байлығын жалпыға ортақ игілік ете алатын, әділеттілік пен заң үстемдігін нығайта алатын, саяси тұрақтылықты қамтамсыз ететін президенттіктен үміткерге дауыс беруге дайынбыз. Барша қазақстандықты өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, маңызды науқаннан тыс қалмауға шақырамыз», - дейді Совет Балтабай.

Өзгелердің жаңалығы