2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

25 Шілде 2021, 08:00
4636
Бөлісу:
2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан, BAQ.KZ тілшілері - аймақтағы меншікті тілшілер мен Назым Ерсінғазықызы. Бүгін еліміз бойынша 775 елдімекеннің әкімі тікелей сайлау арқылы анықталады. 25 маусымда аудандық сайлау комиссияларының шешімімен еліміздің 14 өңірінің 176 ауданында сайлау өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Сайлауға 6 саяси партия атсалысуда. 

ОСК мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда 2346 әкім бар. Биылғы жылдың соңына дейін шамамен 775 әкімді сайлау жоспарланған. Осы санаттағы қалған әкімдерді тікелей сайлау олардың өкілеттіктерінің аяқталу мерзімінің әр түрлі болуына байланысты 2022 - 2025 жылдары өтеді. Сонымен бірге, әкімдерді сайлау өткізуге республика бюджетінен шамамен 17,6 миллиард теңге, оның ішінде биыл 4,8 миллиард теңге бөлінді.


ЖАҢАРТУ

20:00 Әкімдерді сайлау. Дауыс беру аяқталды 

Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда дауыс беру аяқталды.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де еліміздің 14 өңірінде сайлау учаскелерінің жұмысы аяқталды.

19:50 Түркістан облысында сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берді

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны– 185 264 адам.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 876 (75%), Кентау қаласында – 6 540 (77%), Бәйдібек ауданында – 2 673 (68%), Жетісай ауданында – 19 177 (71%), Қазығұрт ауданында – 12 575 (63%), Келес ауданында – 21 475 (70%), Мақтаарал ауданында – 11 404 (68%), Ордабасы ауданында – 5 504 (74%), Отырар ауданында – 9 301 (72%), Сайрам ауданында – 12 056 (74%), Сарыағаш ауданында – 37 284 – (69%), Сауран ауданында – 6 751 (83%), Созақ ауданында – 12 555 (72%), Төлеби ауданында – 13 423 (60%), Түлкібас ауданында – 5 740 (66%), Шардара ауданында – 930 (73%) сайлаушы дауыс берді.

19:14 БҚО бойынша мәлімет

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 25 шілдедегі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,2% алды.

Соның ішінде: Ақжайық ауданы – 77,9%; Бәйтерек ауданы – 83,3%; Бөрлі ауданы – 68,1%; Бөкей ордасы ауданы – 77,4%; Жаңақала ауданы – 68,7%; Казталов ауданы – 76,1%; Қаратөбе ауданы – 68,9%; Сырым ауданы – 82,4%; Теректі ауданы – 56,4%;

19:09 Әкімдер сайлауы. Өңірлер бойынша жалпы ақпарат  

Жергілікті сайлау комиссиялары сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 14 өңірдегі дауыс беру бюллетенін алған сайлаушылардың саны туралы мәлімет жариялады

Қазіргі сәтте келген ақпараттар бойынша белсенділік тізгіні Жамбыл облысынан Шығыс Қазақстан облысына өткен. Бұл өңірде сайлаушылардың 85,4 пайызы дауыс беруге келген. Ақмола обысында дауыс берушілердің 63,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 69,8 пайыз, Алматы обылсында – 66,3 пайыз, Атырау облысында – 71 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 85,4 пайыз, Жамбыл облысында – 84,1 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 69,2 пайыз, Қарағанды облысында – 67,3 пайыз, Қостанай облысында – 81 пайыз, Қызылорда облысында – 71,7 пайыз, Маңғыстау облысында – 64,2 пайыз, Павлодар облысында – 70,9 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысындаа – 80,2 пайыз, Түркістан облысында – 69,9 пайыз сайлаушылар сағат 18.00-ге дейін дауыс берген.

19:03 Ақмола облысы. Кез келген ауыл тұрғыны өз жерін дамытуға көбірек мүдделі

 Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округінде үш сайлау учаскесі бар. Олардың екеуі Қатаркөл ауылында орналасқан.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айжамал Абдрахманова сайлау барысында ешқандай бұзушылық жоқ екенін атап өтті.

362 сайлау учаскесінде 1436 сайлаушы тіркелген. Үшінші сайлау округі Сосновка ауылында ұйымдастырылған. 50-ден астам адам ғана тұратын Вишневое ауылында сайлау комиссиясының мүшелері түстен кейін портативті жәшікпен барды. Сайлаушылардан өтініштер дауыс беру күні қарсаңында түсті. Ключевое ауылының бірнеше сайлаушысы сайлау учаскесіне өздері келеді, - деп атап өтті Айжамал Абдрахманова.

18:47 Ақтөбе облысы бойынша мәлімет

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 25 шілдедегі сағат 17:30-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,77% алды. 

Олардың ішінде: Әйтеке би - 68,09 % Алға - 78,22 % Байғанин - 66,46 % Ырғыз - 66,77 % Қарғалы - 84,27 % Мәртөк - 77,67 % Мұғалжар - 74,02 % Темір - 50,64 % Ойыл - 88,99 % Қобда - 77,06 % Хромтау - 72,88 % Шалқар - 79,13 %

18:28 Ақмола облысында алғаш рет дауыс берушілер мен туған күн иелеріне сыйлық берілді

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Егіндікөл ауданында сайлаушылардың 82% - ы дауыс берген.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Жалпы облыс бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ы дауыс берді.

Біздің облыс бойынша сайлаушылар саны 100 111, алынған бюллетеньдер саны – 8 826. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ыы алды. Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша – 82%, Степногорск – 52%, Ақкөл ауданы бойынша – 78%, Аршалы – 47%, Астрахань – 57%, Атбасар-67%, Біржан сал ауданы бойынша - 73%, Бұланды – 66%, Бурабай – 68%, Егіндікөл – 82%, Ерейментау – 45%, Есіл – 71%, Жақсы – 63% Жарқайың – 59%, Зеренді - 60%, Қорғалжын – 58%, Сандықтау – 76%, Целиноград – 59%, Шортанды – 64%, - деп хабарлады Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.

18:18 Қызылорда облысында сайлаушылардың 71,7 % дауыс берді 

Қызылорда облысы бойынша жергілікті уақыт сағат 17.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 25 873 - 71.7% құрап отыр. 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 6251 – 78.0 %.

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2055 – 76.9%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1786 – 52.4%
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2601 – 72.3%
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2010 – 71.6%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3035–71.8 %
Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8135 – 71,7 %

18:05 ШҚО-да сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың жалпы санының 80 пайыздан астамы дауыс берді.

«Ауылдық округтер бойынша айтар болсақ, Семей өңіріндегі ауылдық округтерде келу көрсеткіші 86 пайыз, Абай ауданы бойынша – 88 пайыз, Аягөз ауданында – 78 пайыз, Бесқарағай ауданында – 91 пайыз, Бородулиха ауданында – 66,5 пайыз, Жарма ауданында 85 пайыз, Катонқарағай ауданында – 77 пайыз, Зайсан ауданында – 89 пайыз, Көкпекті ауданында – 75 пайыз, Күршім ауданында – 79 пайыз, Тарбағатай ауданында - 82 пайыз, Ұлан ауданында– 86 пайыз, Үржар ауданында – 79 пайыз және Шемонаиха ауданы бойынша – 70 пайыз. 

Жалпы, ауылдық округтердің тұрғындары сайлау процесінде белсенділік танытуда. Олар жерлестерін сайлауға қатысуға және жарқын болашаққа үлес қосуға шақыруда» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

17:56 Бүгін Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылдық округіне жаңа әкім сайланады

Науқанды өткізу үшін елді мекенде 4 сайлау бөлімшесі жасақталған. Ақмол ауылы Ақмола облысына қарағанымен Елордадан қашық емес. Арасы Шамамен 30 шақырымдай.  

Целиноград ауданының орталығы саналады. 12 мыңнан астам тұрғыны бар. Оның 6 мыңдайы кәмелеттік жасқа толған, яғни дауыс беруге құқығы бар азаматтар. Дәл солар бүгін ауылды алдағы төрт жыл бойы басқаратын әкімді таңдайды. Тұрғындар үшін төрт сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Барлығы таңғы сағат жетіде әнұранды шырқатып, ресми түрде ашылды. Іле шала алғашқы дауыс берушілер де келді. Әкім болуға үш үміткер тіркелген. Үшеуі де осы ауылдың тұрғыны.

17:35 Сайлаушыларға жағдай жасалуда

Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан саяси науқанда денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын тұрғындарға да барлық жағдай жасалуда. 

Күні бұрын жолданған өтінімдерге сәйкес жасалған тізіммен сайлау комиссиясының мүшелері үйлерді аралап, учаскеге келе алмайтындардан дауыс жинауда. Айта кетейік, Ақжайық ауданы бойынша - 242, Бәйтерек ауданынан - 113, Жаңақаладан - 296, Қаратөбеден 135 адам үйден дауыс беруге жазылған.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

17:15 СҚО-да сағат 16-00-ге дейін тіркелген сайлаушылардың 70,71 пайызы дауыс берді

Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, халықтың белсенділігі жоғары. Әсіресе Уәлиханов ауданында дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Ең азы Тайынша ауданында. Мұндағы жұрттың әзірге 53 пайызы ғана келген. Облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша 218 елді мекендегі 60 мыңнан астам адам дауыс беруі тиіс. 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

17:10 ШҚО. Сайлауда заңбұзушылық тіркелмеген 

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті өкілдері әкімдер сайлауында заңбұзушылық тіркелмегенін айтып жатыр.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Бүгін ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Барлық ауылда емес, тек әкімдердің өкілеттігі аяқталған ауылдарда ғана. Ал біз байқаушылардың жұмысын ұйымдастырдық. Байқаушыларды неғұрлым жергілікті тұрғындар арасынан тарттық. Олар бүгін байқаушы болғанымен, ертең сол ауылда қарапайым тұрғын ретінде өмір сүреді. Сондықтан сайлаудың бұрмалаусыз өтуіне мүдделі, - деп жазды Партиялық емес байқау орталығы ШҚО филиалының төрағасы Аяужан Әшімова
17:07 Қарағанды облысы бойынша мәлімет 

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63 % алды.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

17:01 Қостанай облысы бойынша мәлімет

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,0 %-ы бюллетен алды.

Олардың ішінде: Алтынсарин — 69,0 Амангелді — 73,3 Әулиекөл — 75,5 Денисов — 73,8 Жангелдин — 74,1 Жітіқара — 72,5 Қамысты — 72,3 Қарабалық — 73,9 Қарасу — 81,5  Қостанай — 75,1  Меңдіқара — 80,9 Науырзым — 73,1 Сарыкөл — 79,4  Б.Майлин ауданы — 70,5  Ұзынкөл — 78,3  Федоров — 82,9 Арқалық қ. — 74,2 Лисаков қ. — 87,0 Рудный қ. — 74,0

16:56 Қызылорда облысы бойынша мәлімет 

Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, жергілікті уақыт сағат 15:00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 22 792 - 63,2% құрап отыр.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 5405 – 67,4 % құрап отыр Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1811 – 67,8% Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1264 – 37,1% Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2347 – 65,3% Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 1560 – 55,6% Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 2740–64,9 % Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 7665 – 67,6 %

16:52 Түркістан облысында сайлаушылардың 64%-ы дауыс берді

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64%-ы дауыс берді. Олардың жалпы саны - 168 605 адам.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 488 (72%), Кентау қаласында – 5 755 (68%), Бәйдібек ауданында – 2 562 (65%), Жетісай ауданында – 17 329 (64 %), Қазығұрт ауданында – 12 189 (61%), Келес ауданында – 20 498 (67%), Мақтаарал ауданында – 10 793 (64 %), Ордабасы ауданында – 4 705 (63%), Отырар ауданында – 8 350 (65%), Сайрам ауданында – 10 874 (67%), Сарыағаш ауданында – 33 609 (63%), Сауран ауданында – 6 160 (76%), Созақ ауданында – 10 070 (58%), Төлеби ауданында – 12 119 (55%), Түлкібас ауданында – 5 215 (60%), Шардара ауданында – 889 (70%) азамат дауыс беруге қатысты.

16:47 Павлодар облысында ауыл әкімдерін сайлау қалай өтуде

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64 % алды.

Павлодар қаласында:
Кенжекөл ауылдық округі 23

Екібастұз қаласында:
Ақкөл ауылдық округі 67
Бәйет ауылдық округі 80
Теміржол ауылдық округі 97
Сарықамыс ауылдық округі 77
Шиқылдақ ауылы 74
Ақсу қаласында
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі 71

Аққулы ауданында:
Баймолдин ауылдық округі 68
Жамбыл ауылдық округі 64
Қарақала ауылдық округі 55
Қызылағаш ауылдық округі 57
Майқарағай ауылдық округі 60
Шарбақты ауылдық округі 51

Ақтоғай ауданында:
Ақжол ауылдық округі 79

Ақтоғай ауылдық округ 77
Жалаулы ауылдық округ 78
Қараоба ауылдық округ 67

Баянауыл ауданында:
Ақсан ауылдық округі 70
Бірлік ауылдық округі 51
Сәтбаев ауылдық округі 60
Ұзынбұлақ ауылдық округі 74

Железин ауданында:
Башмачин ауылдық округі 72
Қазақстан ауылдық округі 56
Прииртышск ауылдық округі 76

Ертіс ауданында:
Ертіс ауылы 48
Амангелді ауылдық округі 77
Қоскөл ауылдық округі 81
Панфилов ауылдық округі 79
Сіленті ауылдық округі 71

Май ауданында:
Баскөл ауылдық округі 57
Малайсары ауылдық округі 65

Тереңкөл ауданында:
Байқоныс ауылдық округі 83
Бобровка ауылдық округі 68
Воскресенка ауылдық округі 90
Федоровка ауылдық округі 61

Павлодар ауданында:
Заңғар ауылдық округі 86
Чернорецк ауылдық округі 75
Черноярка ауылдық округі 72

Успен ауданында:
Қоңырөзек ауылдық округі 81
Лозов ауылдық округі 71
Равнополь ауылдық округі 56

Шарбақты ауданында:
Галкин ауылдық округі 56
Орлов ауылдық округі 84

16:40 Қызылорда облысы Арал ауданының Тоқабай ауылында «Сыр бойы», «Толқын» газеттерінің тұрақты авторы, ардагер ұстаз Үргенішбай Қуат дауыс беруге барып, шапан киіп қайтты.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE


16:36 БҚО-да барлық сайлау учаскесі қауіпсіздік тұрғысынан тексерілді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ернар Сұлтанғалиев мәлімдеді. 

Бүгінгі күні облыс бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға 121 полиция қызметкері жұмылдырылды. Түрлі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сайлау өткізу орындарында жедел ден қою үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына прокуратура қызметкерлері де кіреді. Бюллетендер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскелері қауіпсіздік тұрғысынан тексерілді. Полиция бюллетендерді сайлау орындарына жеткізу кезінде ілесіп жүруді қамтамасыз етті, - деді Ернар Сұлтанғалиев.

16:26 Түркістан: Жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады

Түркістан облысы Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Бұл өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайымыз екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын, – деді Қожантай.

16:00 Қарағанды облысында сайлау белсенді өтіп жатыр

Қарағанды облысында бүгін 75 ауылдың әкімі сайланады. Ең көп ауыл әкімдері Нұра, Бұқар Жырау, Осакарова және Қарқаралы аудандарында сайланатын болады. Кандидаттар арасында белсенділік жоғары. Бір орынға 3-4 кандиттан келеді.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша сағат 14.00-дегі жағдай бойынша облыста тізімге енгізілген сайлаушылардың 48 пайызы дауыс берген. Халық арасында жоғары белсенділік Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында байқалуда.

149 сайлау учаскесіндегі сайлау процесін 400-ге жуық бақылаушы бақылауда. Сайлау учаскелеріндегі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың, сондай-ақ, кандидаттардың сенім білдірген бақылаушылары тарапынан ешқандай шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов.

15:45 Ақмола облысы бойынша ақпарат 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Зеренді ауданы Шағалалы ауылының №507 учаскесінде ауыл әкімдігіне үш үміткер тіркелген.

Сайлау учаскесіне тіркелген 24 адам денсаулығына байланысты үйлерінде дауыс береді. Сайлаушылар ағыны сағат оннан бастап көбейе бастады, - дейді сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Кәрімов.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов облыстағы сайлаушылардың жалпы саны 100 111 адам.
Бюллетень алған сайлаушылар саны –  8826. Көкшетау қаласында сайлаушылардың 3 пайызы, Степногорск қаласында-6 пайызы дауыс берді. - Қалған аудандарда дауыс бергендер саны 8-ден 20 пайызға дейін ауытқиды, - деді Манарбек Сәдуов.

Облыстың сайлау учаскелерінде 436 бақылаушы жұмыс істейді. 

15:30 Ақтөбе облысы бойынша мәлімет

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес сағат 13:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,75% алды. Олардың ішінде:

Әйтеке би - 56,70 % Алға - 50,79 % Байғанин - 41,50 % Ырғыз - 45,81 % Қарғалы - 74,67 % Мәртөк - 55,95 % Мұғалжар - 49,30 % Темір - 36,07 % Ойыл - 61,80 % Қобда - 54,50 % Хромтау - 51,66 % Шалқар - 76,29 %

15:24 Түркістан облысында 150 мыңға жуық сайлаушы дауыс беріп үлгерді

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 56%-ы келген. Дауыс берушілердің жалпы саны - 148 526.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Атап айтқанда, Арыс қаласында – 6 404 (61%), Кентау қаласында – 5 135 (61%), Бәйдібек ауданында – 2 056 (52%), Жетісай ауданында – 16 328 (60%), Қазығұрт ауданында – 11 037 (55%), Келес ауданында – 16 861 (55%), Мақтаарал ауданында – 10 567 (63%), Ордабасы ауданында – 4 289 (58%), Отырар ауданында – 7 475 (58%), Сайрам ауданында – 9 750 (60%), Сарыағаш ауданы – 27 331 (51%), Сауран ауданында – 5 049 (62%), Созақ ауданында – 9 646 (55%), Төлеби ауданында – 11 175 (50%), Түлкібас ауданында – 4 637 (53%), Шардара ауданында – 786 (62%) сайлаушы дауыс берген.

15:20 ШҚО-да түске дейін ауыл әкімдерінің сайлауында тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді

Шығыс Қазақстанда сайлау 194 елдімекенде өтуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 12:00-де сайлаушылардың келуі сайлаушылардың жалпы санының 50 пайызынан астамын құрап отыр. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, сайлау тыныш өтіп жатыр, бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері болмаған.

15:15 Қарағанды облысына қарасты Ынтымақ ауылында сайлаушылардың 62%-ы дауыс беріп үлгерді

Бұқар жырау ауданы, Ақтөбе селолық округіне қарасты Ынтымақ ауылында сайлау науқаны белсенді өтіп жатыр. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 62 пайызы дауыс берген. 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Ынтымақта 141 сайлаушы бар. Бүгін олар өз ауылдарының әкімін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұқар жырау ауданы, Ақтөбе селолық округі, Ынтымақ селосындағы №535 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Жалпы Ынтымақ ауылында барлығы 141 сайлаушы бар. Олардың 62 пайызы өз таңдауларын жасады.  Сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді, - дейді сайлау учаскесінің төрайымы Назым Майкубенова. 
15:09 Атырауда сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беріп үлгерді 

Атырау обылысында 52 кандидаттың 24-і саяси партиялардың атынан тіркелген. Ал 28-і өзін-өзі ұсынғандар.18 округтегі сайлаушылардың жалпы саны 44 мыңнан асады. Оның 50 пайызға жуығы өзі түске дейін дауыс беріп үлгерген.  

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Ауылда  2 мыңға  жуық сайлаушы бар. Ал денсаулық жағдайына байланысты келе алмайтын 38 тұрғын үйден дауыс береді.

Қалаға қарасты тағы бір әкім сайлауы өтетін ауылдың бірі Қайыршақты. 3 мыңға жуық сайлаушысы бар бұл округте 2 кандидат тіркелген. 

Атырау облысы Индер ауданы бойынша Жарсуат және Көктоғай ауылдық округтерінде 3252 сайлаушы тіркелген.

Атырау облысында ауыл әкіміне үміткерлердің көпшілігі мұғалімдер мен бюджеттік сала қызметкерлері. Кандидаттардың 19-ы әйел болса, қалған 71 пайызы ер адам. 

14:53 БҚО. Казталов ауданының Жаңажол ауылдық округінің № 255 Əбіш, № 256 Көмекші сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділгі жоғары болып тұр.

Сайлау учаскелері комиссиясының берген мəліметіне сүйенсек, қос сайлау учаскесінде сағат 11:00-де 90 пайызға жуық сайлаушы таңдауын жасап, дауыс беруге келген. Сайлау учаскелерінде барлық санитарлық нормалар сақталған. 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Мен бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым. Округ əкімін сайлауды ауыл тұрғындарының құзырына бергені дұрыс деп есептеймін. Барша ауылдастарды сайлауға шақырамын, - деді Көмекші ауылының тұрғыны Талайгүл Науанова.

14:50 БҚО: Ақжайықтықтар өз таңдауын жасауда

Бүгін Ақжайық ауданының Сарытоғай, Бударин, Тайпақ ауылдық округтерінде әкімдердің сайлауы өтуде. Саяси додаға аудан бойынша 3 партиядан 8 және өзін-өзі ұсынған 1 үміткер қатысты.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Сағат 10.30-дағы ақпарат бойынша Бударин ауылдық округіндегі 3 сайлау учаскесінде дауыс беруі тиіс 969 адамның 288-і келген. Ал Сарытоғай ауылдық округінде Жанама және Сарман сайлау учаскелерінде 140 дауыс беруші өз таңдауын жасап үлгерді, бұл жалпы тұрғындардың 29,72 пайызы. 

Тайпақ ауылдық округінде де дауыс беру қалыпты өтуде. Қазіргі уақытқа 336 тайпақтық сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берді.

14:42 Алматы облысы Сарқан ауданында үш ауылдық округте ауыл әкімін сайлау науқына өтіп жатыр 

Сайлауға үш округтен жастары 25 пен 50 жас аралығындағы 9 кандидат қатысты. 

Аманбөктер ауылдық округінде 265 сайлаушы тіркелген.

Бүгінгі өткен сайлауға 3 округ, 6 елді-мекеннен 3 мыңға жуық сайлаушылар өз дауыстарын берген.

Бүгінгі сайлауға ең алғашқылардың бірі болып, жасы 70 – ті алқымдаған Гүлсия Сембекқызы келсе, артынша 18 жастағы Перизат Төлеген да тысқары қалмай өз дауысын берді.

Мен ең алғашқы рет сайлауға қатысуым. Әрине, мен үшін бұл сайлау орны ерекше. Неге десеңіз? Біз дауыс беріп, жеңіске жеткен жаңа ауыл әкімі ел сенімін ақтап, ауылымызды одан әрі дамытса, мен дұрыс таңдау жасадым деп білемін. Бүгінігі сайлау мен үшін тарихи күн, - деді Перизат Төлеген.

14:35 Әкімдер сайлауы. Байқаушы пікірі 

Жамбыл облысы аумағындағы Байзақ ауданында ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны жоғары деңгейде өткізілуде.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Бұл туралы байқаушы Гүлнар Давлетбаева айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда аталған аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы  №128 сайлау учаскесіне 2 078 адам тіркелсе, оның 40 %-дан астамы өз таңдауларын жасап үлгерген. 

Біздің Байзақ ауданында үш бірдей ауылда, атап айтар болсам, Көктал ауылы мен Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтерінде әкім лауазымына сайлауға тоғыз кандидат тіркелген. Олардың қатарында «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстанның халық партиясы» және  Nur Otan  партиясы атынан ұсынылған кандидаттар мен  өзін-өзі ұсынған үміткерлер де бар», - деді Гүлнар Давлетбаева.

Оның айтуынша, сайлаудың әділ әрі ашық өтуі үшін партия өкілдері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерінен құралған бақылаушылар тобы барлығын жіті бақылап отыр.

14:22 Қарағанды облысы бойынша мәлімет 

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 48% алды.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

14:17 Қызылорда облысында тұрғындардың 48 пайызы дауыс берді

Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, сағат 13.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 17 614  - 48,8% құрап отыр.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 3831 – 47,8 % құрап отыр.

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1516 – 56,7%

Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1142 – 33,5%

Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 1733 – 48,2%

Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 1337 – 47,6%

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 2290–54,2 %

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы,  келушілер саны 5765 – 50,8 %

14:11 Түркістан: Байқаушылар белсенділік танытуда

Түркістан облысында өкілеттілігі аяқталған 60 ауыл округі әкімдігіне үміткер ретінде жалпы саны 166 азамат тіркеліп, саяси доданың көркін қыздыруда. Бүгінгі ауыл әкімдерін сайлауда 265 146 адам өз таңдауларын жасайды. Сайлаудың барлық талаптарға сай өтуін арнайы байқаушылар қадағалап отыр.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

«Партиялық емес байқау орталығы» Қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бектай Ормановтың айтынша, қоғамдық ұйым сайлау кезінде учаскелерде келеңсіз оқиғалар мен заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін біз облыстағы барлық учаскелердің сайлауға дайындықтарының заң аясында жүзеге асуына мониторинг жасадық. Сонымен қатар, аудан, қалаларда бақылаушыларға арналған оқу-семинарларын ұйымдастырып, сайлаудың барлық заңнамаларын түсіндірдік. Дәл қазір облыста 241 сайлау учаскесі болса, соның басым бөлігінде біздің байқаушылар өз міндеттерін атқарып жатыр,- деді ол.
13:54 Қызылордада Кейден ауылында 6 адам ауыл әкімі қызметіне үміткер

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Қызылорда облысында ауыл әкімі сайлауына ең көп үміткер Жаңақорған ауданы Кейден ауылында тіркелген. Ауылдық округте 6 адам ауыл әкіміне үміткер ретінде қатысуда.

Округте 500-ден астам адамның әкім сайлауында таңдау білдіруге мүмкіндігі бар. Қазірге дейін олардың тең жарымына жуығы сайлау учаскесіне келіп үлгерді.

Ауыл әкімі сайлауына қатысып жатқан үміткерлердің ең үлкені – 61 жаста болса, ең жасы – 1985 жылы дүниеге келген азамат. Олардың ішінде 2-еуі партиялар атынан додаға түссе, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар.

Облыс бойынша Жаңақорған ауданында ең көп ауыл әкімі сайланады. Мұнда 13 ауылдық округте аталған саяси маңызды шара өтуде.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сұлтан Ибрагимовтың айтуынша, 13 ауылдық округтегі 17 сайлау учаскесінде 45 адам үміткер ретінде тіркелген. Олардың арасында үміткер ретінде Кейденде – 6 адам тіркелсе, ол Келінтөбе, Қыраш, Қосүйеңкі, Манапта – 4, Жаманбай батыр, Талап, Байкенже, Екпінді, Өзгент, Қожамберді, Қожакентте – 3, Көктөбеде – 2 адам.

Облыс бойынша 54 сайлау учаскесі бар. Онда 304 комиссия мүшесі жұмыс жасауда. Өңірде 36 071 адам сайлаушы бар.

13:48 Әкімдер сайлауы. Пікір 

Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ерлан Қарин елімізде өтіп жатқан әкімдер сайлауы туралы пікір білдірді.

Мемлекет басшысы кеңесшісінің айтуынша, ауыл әкімдерін сайлау азаматтарға өз елді мекендерінің дамуына тікелей ықпал етуге жаңа мүмкіндіктер ашады. 

Олар мемлекеттік басқару жүйесінің ұзақ мерзімді жұмыс қағидаттарын қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипатын сапалы етіп өзгертеді. Сондықтан, бұл сайлау науқанының барысы азаматтар арасында үлкен қызығушылық тудырды, - дейді Президент кеңесшісі.
13:32 Қызылорда облысы. Шиелінің Ортақшыл ауылындағы сайлау 

Мұнда 1300 тұрғын болса, оның 768 тұрғыны сайлауға қатысады. Соның жартысына жуығы сағат 11:00-ге дейін дауыс берді.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Аядай ауыл ғой, бір-бірімізге айтып, демеп, сайлау учаскесіне барып дауысымызды беріп жатырмыз. Сайлауға үш адам түсті. Бәрінің жоспарын, мақсатын білдік. Ешқайсысы бөтен емес, мынау күшті, мынау әлсіз деуге де болмайды. Халық өз таңдауын жасайды. Қалғанын сайланғаннан кейін жұмыс барысында көре жатармыз. Ең маңыздысы, бізде ана жақ, мына жақ болып бөлініп, араға ши жүгіртіп жүрген ешкім жоқ, шүкір. Ауылда да, елде де лайым тыныш болсын, - дейді ауыл тұрғыны  75 жастағы қария Иман Мұсаев.
13:30 Түркістан облысында ауыл әкімдерін сайлауға 111 мыңнан астам азамат дауыс берді

Түркістан облысында сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 42%-ы келген. Бұл - 111 829 азамат.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Арыс қаласы бойынша – 5 243 (50 %), Кентау қаласында – 3 014 (36 %), Бәйдібек ауданында – 1 139 (29 %), Жетісай ауданында – 1 2 065 (44 %), Қазығұрт ауданында – 9 947 (50 %), Келес ауданында – 8 879 (29 %), Мақтаарал ауданында – 7 639 (46 %), Ордабасы ауданында – 3 822 (51 %), Отырар ауданында – 6 508 (51 %), Сайрам ауданында –7 152 (44%), Сарыағаш ауданында –20 884 (39 %), Сауран ауданында – 3 380 (42 %), Созақ ауданында – 9 255 (53%), Төлеби ауданында – 9 087 (41 %), Түлкібас ауданында – 3 114 (36 %), Шардара ауданында – 701 (55 %) азамат дауыс берген.

13:16 Әкімдер сайлауы. Пікір 

Саяси науқанға байланысты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пікір білдірді.

Ерлан Саировтың айтуынша, Батыс әлемінің қарышты дамуының басты триггерінің бірі жергілікті өзін-өзі басқару принциптері екендігі белгілі.

Бұл сайлау - Қазақстанда осы өзін-өзі басқару принциптерінің алғышарты. Сонымен бірге Тәуелсіздік жылдары халық бірінші рет, жаппай, өздерінің әкімдерін тікелей сайлап алуға қолы жетіп отыр. Өте үлкен прогрессивті қадам. Біздің көзімізше тарихи оқиға орын алып жатыр, - деді ол.
13:00 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мәлімет 

Солтүстік Қазақстан облысында  әкімдерді сайлау барысын  «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 348 байқаушысы мен 174 мобильді капитаны қадағалауда.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында аудандық маңызы бар 4 қала мен 12 аудан бар. Онда 288 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бұл жалпы өңір тұрғындарының 53 пайызы. 

Бүгінгі сайлауға 70 ауылдық округ пен Мамлютка қаласының әкімі түсті.  Бұл учаскелер бойынша осыған дейін қызмет етіп келген 61 әкімнің толық мерзімі аяқталған, 10-ы мерзімінен бұрын қызметінен кеткендер, - деді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы.

12:48 Батыс Қазақстан облысы бойынша мәлімет

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 11.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 29,0% алды.

Соның ішінде: Ақжайық ауданы – 16,2%; Бәйтерек ауданы – 30,9%; Бөрлі ауданы – 23,1%; Бөкей ордасы ауданы – 29,3%; Жаңақала ауданы – 32,5%; Казталов ауданы – 38,6%; Қаратөбе ауданы – 34,3%; Сырым ауданы – 41,0%; Теректі ауданы – 26,6%;

12:44 Ақмола облысы Біржан сал ауданында 3 мыңға жуық сайлаушы өз таңдауын жасайды

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Ақмола облысының 95 ауылдық округі, ауылдары, кенттері және аудандық маңызы бар қалалары сайлау науқанына тартылды. Жаңа форматтағы сайлауға 292 кандидат қатысады.

12:36 Атырау облысында 36 сайлау учаскесінде дауыс беріліп жатыр

Атырау облысында 18 ауылдың әкімі сайланады. Қазір 36 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметіне сүйенсек, 18 округ бойынша 52 үміткер сайлау бюллетеньіне енгізілген.

Атырау облысында сайлаушылар тізімінде 44 305 сайлаушы енгізілген. Сайлау 41 елді мекендегі 36 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Сайлау учаскелері құрылмаған 12 елдімекенде дауыс беруді ұйымдастыру мәселесі шешілді. Ең шалғайдағы сайлау учаскелері Құрманғазы ауданының аудан орталығынан 180 шақырым қашықта Асан ауылдық округінде орналасқан, - дейді Азамат Айманакумов.

12:27  Түркістан облысында алғашқы келген 5 сайлаушыға сыйлық берілді

Құтарыс ауылдық округінің сайлаушылары дауыс беруге таңертеңнен бастап ерте келді. Сол себепті, алғашқы келген 5 сайлаушыға сыйлық берілді.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Айта кетсек,  Құтарыс ауылдық округінің халық саны – 5725, Сайлаушылар саны - 2784. Сайлау учаскелер саны - 4.  

Мұнда ауыл округі әкімдігіне жалпы 5 үміткер құжаттарын тапсырған. Бесеуі  де өзін-өзі ұсынған азаматтар.  Бір үміткердің құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған, екі үміткер отбасылық жағдайына байланысты құжаттарын кері қайтарып алыпты. 

Сонымен ауылдық округі әкімдігіне 2 үміткер де өзін-өзі ұсыну тәртібімен додаға түсуде.

 587 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Манакүл  Байғараева қазірге дейін 1308 сайлаушы дауыс бергенін айтып  өтті. 

Дәл қазір Сайрам ауданы бойынша үш ауылдық округтегі 12 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жүріп жатыр.

12:14 Қарағанды облысы бойынша мәлімет 

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 23% алды.

12:09. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында сайлаушылардың 18,9 пайызы дауыс берді. 

Соның ішінде, Бұқарбай батыр елді мекенінің ауылының тұрғындары өте белсенді. таңғы сағат 7:00-ден 8:00-ге дейін 157 сайлаушы мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаса, 9:30-да көрсеткіш 330-ға өсті. Ауылда 1112 сайлаушы бар.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

12:01 Жамбылдық сайлаушылардың 50 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді

Жамбыл облысында 89 сайлау учаскесінде ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны өтіп жатыр.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Бұл туралы Партиялық емес сайлау орталығының өңірдегі филиалының жетекшісі Асқар Қадырқұлов айтты. Оның сөзіне қарағанда, кейінгі айларда 9 учаскесде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Қазіргі таңда тұрғындар 38 кандидатқа дауыстарын беріп жатыр. 3-уі кейінге қалды.

Оның айтуынша, Жамбыл облысында бұл науқанға 104 372 сайлаушы қатысып, дауыс береді, таңдау жасайды. Бастапқыда ауылдық округ әкімі лауазымына 122 кандидат құжаттарын тапсырған. Түрлі себептерге байланысты 6 кандидаттың құжаттары кері қайтарылыпты. Дәл қазір тұрғындар 116 үміткерге дауыс беріп жатыр.

Ауылдық округ әкімі қызметіне кандидаттардың 80 %-ы ер кісілер болса, 20 %-ы әйелдер. Олардың орташа жасы 38-дің шамасын құрайды. Ал сайлаушылардың белсенділігі жөнінде айтатын болсам, жоғары деңгейде деуге негіз бар. Өйткені, таңертеңгі сағат 9.00-дегі мәліметке сәйкес, тұрғындардың 33 %-ы дауыс беріп үлгерген болатын. Ал сағат 11.30-дағы деректер 50 %-ға жуықтап қалғанын көрсетіп отыр, - деді Асқар Жақсылықұлы.

11:47 Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдық округінде алғашқылардың бірі болып Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Омар Кашкенбаев өз таңдауын жасады.

WhatsApp Image 2021-07-25 at 11.22.16 (1).jpeg

Биылғы ауыл әкімдерін сайлаудағы  жаңашылдық – азаматтардың өзін-өзі ұсынуы. Мұны аталған лауазымды қызметке басекелестікті арттыра түсетін қажетті бір шарт деп қарастыруға әбден болады. Әрине, өзін-өзі ұсынған азамат еңбегі мен жетістіктері жайында ел білетін, мемлекеттік қызметте немесе кәсіпкерлік саласында өңбек еткен, белгілі жетістіктерге жеткен болуы лазым. Ендеше, тәжірибесі, білімі бар адал азаматтар барын салып, елдің мүддесіне еңбек етемін десе, неге қолдамасқа?! Бүгін мен сайлауға  барып алғашқылардың бірі болып өз даусымды бердім. Барша жерлестерімді сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырамын, -  дейді ақсақал. 

Атап өтсек Рудничный ауылдық округінде 3 кандидат саяси науқанға қатысып жатыр. Ауылдың 700-ге жуық тұрғыны дауыс береді деп күтілуде. 

11:43 Қарағанды облысында ең шалқай сайлау уческесі аудан орталығынан 450 шақырым қашықтықта орналасқан

Қарағанды облысында сайлауда 75 ауылдың әкімі сайлануы тиіс.

Аймақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, бүгін 25 шілдеде елорда уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 13 ауылда, 17 кентте, 45 ауылдық округтерде 149 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті. Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың тоғыз пайызы дауыс берді, - дейді Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мадина Абиева.

Сайлау комиссиясы өкілінің айтуынша, сайлау науқанында барлығы 303 кандидат ұсынылып, оның 257-сі тіркеуге алынған. Ауыл әкімдерін сайлауда Қарағанды облысында 81 мың адам конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Ауыл әкімі лауазымына ұсынылған 257 кандидаттың 81-і саяси партиялар тарапынан ұсынылса, 176-сы өзін-өзі ұсынған. 

11:36 Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдерді сайлау басталды

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Бейнеу ауданында Сарга, Есет, Төлеп ауылдарында және Сам ауылдық округінде.

Қарақиян ауданында Құланды ауылдық округінде.

Маңғыстау ауданында Жармыш, Қызан ауылдарында және Онды мен Тұщықұдық ауылдық округтерінде

Түпқараған ауданында Ақшұқыр ауылында.

Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскесі және 14 144 сайлаушы бар. 10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылдарда, 4 ауылдық округтерде 14 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

11:27 Шығыс Қазақстанда бүгінде 77 ауыл әкімін сайлау үшін, 221 сайлау учаскесі ашылды.

WhatsApp Image 2021-07-25 at 11.28.32.jpeg

Үміткерлердің ең көп саны Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округінде, Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылдық округінде, Глубокое ауданының Ушанов ауылдық округінде тіркелген. Аталған округтерде төрт адамнан, 72 сайлау округінде  үш адамнан, қалған 2 сайлау округінде 2 кандидаттан сайлауға түсіп отыр.

Кандидаттардың жалпы санының ішінде 171 ер адам және 61 әйел адам. Кандидаттардың орташа жасы - 44 жыл. Ең жас кандидат 26 жаста, ол Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің әкімдігіне үміткер. Ең жасы үлкен кандидат 61 жаста, ол Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округінің әкіміне дауысқа түседі.

89 кандидат ауылдық округте тұрады, олардың 128 – і ауданда, 14 – і облыста тұрады. Бір кандидат ауылдық округте дүниеге келген, бірақ Талдықорған қаласында тұрады. Ол Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің әкіміне үміткер.

Көкпекті ауданының Палацын ауылдық округінде, сондай-ақ, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округінде ауыл әкіміне үш әйелден үміткер болып отыр.

11:15 Түркістан облысы бойынша мәлімет 

Ауыл әкімдерін сайлау Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округіндегі 583 сайлау учаскесінде де қызу жалғасып жатыр.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Аталған сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Камалитдин Ишметов қазірге дейін ауыл халқының 1500 адам дауыс бергенін айтып берді.

Бүгінгі сайлау өзгеше өтіп жатыр. Халық та белсенді. Алғашқы рет өз әкіміне дауыс беруде. Мұнда екі үміткер әкім болуға бел шешті. Ал үйден сайлаушылар саны - 10. Санитарлық нормалардың бәрі жақсы сақталған. Кешке шейін ауыл тұрғындары толық қатысады деген ойдамын,- деді Камалитдин Ишметов.
2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Айта кетейік, мұнда халық саны - 16 138 адам, сайлаушылар саны - 9 847. Сайлау учаскелер саны - 5. Ауыл округі әкімдігіне жалпы 4 үміткер құжаттарын тапсырған. 

10:43 Солтүстік Қазақстан облысында 70 ауылдық округ пен бір аудандық маңызы бар қаланың әкімі сайланады. 

Қазіргі күні дауыс беру 174 сайлау учаскесінде жүруде. 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

174 сайлау учаскесі ашылып, дауыс беру басталды. Олардың барлығында сайлау комиссиялары толық құрамда жұмыс істеп жатыр. Облыс бойынша сайлау бюллетеньдеріне 214 кандидат енгізілді. Жалпы дауыс беру барысына 218 елдімекеннің тұрғындары қатысуда, - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин. 

Жалпы, 3 округта 1 орынға – 2, 4 округта – 4 және 64 округта 1 орынға – 3 кандидаттан қатысып жатыр. 

10:31 Қызылорда облысы бойынша мәліметтер 

Қызылорда облысы бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 070, сағат 9.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 2650  - 7,4% құрап отыр.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 352 - 4,4 % құрап отыр 

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2672 сайлаушы, келушілер саны 347 – 13,0% 

Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 60 – 2% 

Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 189 – 5,3% 

Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 310 – 11,04% 

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 211 –5,0 % 

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы,  келушілер саны 1095 – 9,7 %

10:27 Солтүстік Қазақстан облысында  174 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

218 ауылдың халқы саяси науқанға қатысып жатыр. Яғни 70 ауылдық округ пен  Мамлютка қаласының жаңа басшылары жаңадан сайланатын болады.

10:20 Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлауына арналған брифинг өтті

Қызылорда облысы бойынша 8 аймақтың жеті аймағында 40 ауылдық  окруктердегі 54 сайлау учаскескелерінде дауыс беру өтуде. Облыс бойынша 304 комиссия мүшелері тартылған. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы азанғы сағат 6.00 де ашылып тиісті хаттамаларын жасады.

Жергілікті уақыт сағат 7.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушыларға сайлау бюллетеньдерін береді.    

Дауыс беруге арналған үй-жайларды жарақтандырудың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның және жарақтандыру жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы нұсқаулығы бойынша барлық сайлау учаскесі талаптарға сай қамтамасыз етілді, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
10:18 Қарағанды облысы бойынша мәлімет

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 9% алды.

10:10 Ақтөбе облысында 32 мыңнан аса сайлаушы бар

Жергілікті уақытпен сағат 07:00-де сайлау учаскелері ашылды. 

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 07:15-тегі жағдай бойынша 34 ауылдық округте 74 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпараттар аумақтық сайлау комиссияларының интернет парақшаларында жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00, 19:00 және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 20:00-де ұсынылады, - деп атап өтті Ақтөбе облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаева.

Сайлау комиссиясының төрағасы облыста сайлаушылардың жалпы саны 32 117 адам екенін айтты.

10:01 Қызылорда облысында 40 ауылдық округтегі 54 сайлау учаскесінде дауыс беруге кірісті

Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де тұрғындар 40 ауылдық округтегі 54 сайлау учаскесінде дауыс беруге кірісті.

09:50 Ақмола облысында 218 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

Ақмола облысы бойынша сайлаушылар тізімінде барлығы 100111 адам бар.

Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес,  Астана уақытымен таңғы сағат 07.00 - дегі жағдай бойынша 218 учаске дауыс беруге кірісті, - деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Сайлау учаскелеріне келу және сайлау барысы туралы ақпарат әр екі сағат сайын хабарланатын болады.

Таңертең 10 348 сайлаушы тіркелген. Алайда, кешке қарай бұл сан өзгеруі мүмкін. 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

09:33 Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек жолы сайлау учаскесінде 306 адам дауыс берді

Түркістан облысы бойынша 60 ауыл әкімі тікелей дауыс беру арқылы, оның ішінде 55 ауылдық округі мен 3 кент, 2 ауыл әкімін сайлайды.

Жібек жолы ауыл округіндегі халық та 549 учаскесінде  өтіп жатқан сайлауға қызу кіріскен. Мұнда 6 056 адам тұрады, ал  сайлаушылар саны - 2 411. Сайлау учаскелер саны - 3. 

Сонымен бүгінгі сайлауда саяси партиялар атынан 83 үміткер, өзін-өзі ұсынғандардан 127 үміткер, яғни жалпы алғанда 210 үміткер бағын сынайды. Қазіргі кезде Түркістан аймағында 241 учаскеде сайлау жүріп жатыр. Әкім болуға 10 үміткер әйел қатысып жатыр. Ал ең жас үміткер 27 жаста екен. Сайлауға көбіне мемлекеттік қызметтен 74 үміткер ұсынылған, бюджеттік саладан 70, 31 қызметтегі әкім, 19 жекеменшік кәсіпкер ұсынылған.

Аймақта ең көп сайлаушылар саны Келес ауданы, Абай ауыл округінде 12 655 адам тіркелген, ал ең аз сайлаушылар Сарыағаш ауданы, Әлімтау ауылдық округінде 805 адам тіркелді. Үміткерлердің ең көп тіркелген сайлау округі – Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылдық округінде.

09:21 Павлодар облысында 44 ауыл әкімі сайланады 

Таңғы 07:00-де 139 елдімекенде орналасқан сайлау учаскесі ашылды. 

Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, аймақта 52 мыңнан астам дауыс беруші бар.  

Саяси науқан барысында 168 азамат ауыл әкімі болуға ниет білдіріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз міндеттерін орындады. Олардың орташа жасы - 44.  Басым бөлігі педагогика, инженерия және мемлекеттік қызмет саласындағы мамандар. Олардың 74-і қазіргі уақытта мемлекеттік басқару саласында еңбек етіп жүрген азаматтар, - дейді мамандар.
Айта кетейік, сайлау науқанын 140 сайлау комиссиясы бақылауда. 

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

09:06 Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат таңғы 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл - барлық сайлаушының шамамен төрттен бірі.

Таңғы сағат алтыдан учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, - дейді N294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының төрағасы Қайыржан Мықтыбеков.

Аталған ауылдағы сайлау барысын бір бақылаушы бақылап отыр. 

Әзірге ешқандай заң бұзушылықтар байқамадым. Сайлау карантин талаптары қатаң сақталып өтіп жатыр, - дейді Қайрат Мағауин.

Айта кетейік, Сужарған ауылының әкімі сайлауына түсіп жатқан 3 кандидаттың біреуі партия атынан қатысса, қалған екеуі өзін-өзі  ұсынған.


09:05 Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 1 209 817 (шамамен 1 млн 210 мың) сайлаушы қатысады, бұл 14 облыстың сайлаушыларының 13%-ын құрайды.

09:00 Шығыс Қазақстан облысы бойынша мәлімет
 
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес елорда уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша аудандық маңызы бар 1 қалада, 6 кенттерде, 70 ауылдық округтерде 221 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

08:50 Қарағанды облысы бойынша мәлімет 

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 8.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 3% алды.

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE

08:04  Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау 149 сайлау учаскесінде өтуде

Таңғы жетіде сайлау учаскелері ашылды. Ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 149 елді мекенде өтуде. 81 мыңнан астам сайлаушы өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыра алады.

Ауыл әкімі лауазымына 257 кандидат үміткер болып отыр: 81 – саяси партиялардан және 176 өзін-өзі ұсынушылар. Орташа бәсекелестік – бір орынға 3,4. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 15 аумақтық және 149 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

08:00 - Бүгін еліміз бойынша алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы басталды. 

25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек, - деп жазған болатын Президент Тwitter-дегі парақшасында. 


Өзгелердің жаңалығы