Бас жаңалықтар
Сәуірде елдің екі миллион азаматы вакцинацияланады
14 Сәуiр 2021, 17:26 189

Сәуірде елдің екі миллион азаматы вакцинацияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Оның айтуынша, бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 435 393, екінші компонентпен – 107 121 азамат егілді.

Сәуір айының басынан бастап өңірлерге "Спутник V" вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді, сәуір айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың "QazCovid-in" вакцинасын жеткізу күтілуде, бұл елдің шамамен 2 млн азаматына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді, - деді ол.

Халық үшін вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және егу процесін жеңілдету мақсатында бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен адамдар көп жиналатын жерлерде, үлкен ұжымдарда, Сауда орталықтарында, базарларда және басқа да қоғамдық орындарда вакцинациялауды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар бекітілді.

Әлемде де, біздің елімізде де күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір қазақстандықты вакцинациядан бас тартпай, егуге шақырамын. Тек осылай ғана біз біртіндеп ең аз шектеулермен өмірге орала аламыз, - деп қорытындылады Марат Шоранов.



Фото: дереккөз
Загрузка...