Бас жаңалықтар
Сауд Арабиясы алғаш рет АҚШ елшілігіне әйел адамды тағайындады
25 Ақпан 2019, 13:53 593

Сауд Арабиясы алғаш рет АҚШ елшілігіне әйел адамды тағайындады

Алматы, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының корольдігі кеше АҚШ елшісі етіп Рима бинт Бандар бен Әбдел Әзиз Әл-Саудты тағайындады. Ол Сауд Арабиясындағы осы орынға тағайындалған алғашқы әйел.

Сауд Арабаиясының ақпарат агенттіктері таратқан мәлімет бойынша, кеше кешкісін корольдік үйі АҚШ-та бұрын елші болып жұмыс істеген ханзада Халед бен Саламанды Сауд Арабиясының қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын мәлімдеген.

Ханшайым Рима бинт Бандар Әл-Саудтың әкесі Бандар бен Султан 22 жыл АҚШ-та елші болып қызмет еткен. Бұл жылдары ханшайым да Вашингтонда тұрып, Джордж Вашингтон атындағы университетте музейтанушы мамандығы бойынша білім алған.

Сондай-ақ, ол 2016 жылы Сауд Арабиясының спорт басқармасы жанындағы әйелдердің спорт ісі жөніндегі департамент басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Рима бинт Бандар Әл-Сауд әйелдердің де жұмыс істей алатынын насихаттап, әрдайым әйелдер құқығының сақталуын көтерумен келеді.



Загрузка...