Бас жаңалықтар
ҰҰ сарбаздары жанып жатқан адамды аман алып қалды
19 Қазан 2019, 15:29 219

ҰҰ сарбаздары жанып жатқан адамды аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында кезекшілік қызметте жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары өртеніп жатқан адамды құтқарып қалды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының басапасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 17 қазан күні сағат 18:40 шамасында болған. Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің жасағы қызмет атқару барысында айқайлаған дауысты естиді.

«Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Самғат Мейірбек, патрульдер қатардағы жауынгерлер Бейбіт Есқар мен Абдиазим Мейірбек дауыс шыққан жаққа жылдам жетеді. Осы сәтте олар жанып жатқан адамды көреді. Көз ілеспес жылдамдықпен қолға ілінгеннің көмегімен дереу өртті сөндіріп, әлгі азаматтың жанын сақтап қалады.  Жауынгерлер оған жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті» - делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...