Сарапшылар Қазақстандағы құс саңғырығын өңдеу технологиясын әзірлеу жобасын жоғары бағалады

28 Маусым 2019, 09:47
3521
Бөлісу:
Сарапшылар Қазақстандағы құс саңғырығын өңдеу технологиясын әзірлеу жобасын жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес және Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» Жобасын басқару тобы бас қосты.

Сарапшылар Қазақстандағы құс саңғырығын өңдеу технологиясын әзірлеу жобасын жоғары бағалады

Жобаның авторы және жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Айнаш Науанова Қазақстанда оның командасы алғаш рет құс саңғырығын органикалық тыңайтқыштарға өңдеуге арналған биопрепараттар әзірлегенін айтты.

Қазақстанда сапалы органикалық тыңайтқыштардың өткір тапшылығы бар. Сонымен қатар құс саңғырығын кәдеге жарату мүмкіндік туып отыр. Яғни, жоба ел үшін өзекті екі мәселені шешуге бағытталған. Біз қазіргі кезде органикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізіп, олардың ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне қалай әсер ететінің зерттеудеміз.

Қазақстанға Техастан келген коммерцияландыру жөніндегі сарапшы Эрик Азулай жобаны жоғары бағалады. Ол жобаның ғылыми-коммерциялық әлеуетін ғана емес, оның ел үшін экологиялық пайдасын да атап өтті. Сарапшы Дүниежүзілік банк қолдайтын жобалардың еуропалық нарыққа шығуға барлық мүмкіндігі бар екеніне сенімді.

«Біз бұл жобаны ең үздіктердің бірі ретінде таңдадық, өйткені оның коммерциялық әлеуеті бар екенін көрдік. Сонымен қатар, ол Қазақстан үшін экологиялық жағынан пайдалы. Бұл – ғылым мен бизнесті біріктіріп отырған өте перспективалы жоба деп санаймыз. Осыған байланысты, құс саңғырығын қайта өңдеу жобасының еуропалық нарыққа шығуға барлық мүмкіндігі бар екеніне сенімдіміз», - деп атап өтті сарапшы.

 

Өзгелердің жаңалығы