Сапарбаев пен Жошыбаев өңірдегі суармалы жер мәселесін талқылады

25 Қыркүйек 2021, 20:37
7153
Бөлісу:
Сапарбаев пен Жошыбаев өңірдегі суармалы жер мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаев кездесіп, суармалы су мәселесін талқылады.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында аймақ басшысы Жамбыл өңірінің көрші елмен қарым-қатынасының оң жолға қойылғанын, дегенмен кейінгі жылдары пандемия салдарынан бірқатар қиындыққа тап келгенін жасырмады. 

Сапарбаев пен Жошыбаев өңірдегі суармалы жер мәселесін талқылады

Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық аясында мәдени байланыс, сауда-саттықты күшейте түсіп, бірлескен спорттық шаралар, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу бойынша жұмыстарды жандандыру жайы назарға алынды.

Сонымен қатар «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды. Басқа да бақылау-өткізу бекеттерін модернизацялаудан өткізу жайы сөз болды.

Сапарбаев пен Жошыбаев өңірдегі суармалы жер мәселесін талқылады

Өз кезегінде Рәпіл Жошыбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы