Санаққа қатыспағандарға айыппұл салына ма? Айдапкелов айтып берді

15 Қыркүйек 2021, 17:22
2252
Бөлісу:
Санаққа қатыспағандарға айыппұл салына ма? Айдапкелов айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.

Айдапкелов ОКҚ-да өткен брифингте санаққа қатыспағандарға айыппұл салынуы, салынбауына қатысты қойылған журналистің сұрағына жауап берді.

Норма қарастырылған. Ол барлық статистикалық ақпаратты беруге қатысты жүзеге асырылады. Бұл норма ақпарат бермеген респонденттерге қатысты ешқашан қолданылмады. Осы орайда барынша насихаттау жұмысын жүргізіп, азаматтарды санаққа қатысуға шақырамыз. Сондықтан бұл санаққа қатыспағандарға жаппай айыппұл саламыз деген сөз емес, - деді ол.
Айдапкелов атағандай, Әкімшілік кодекстің 497-бабы ақпаратты қате толтырған жағдайда қолданылады.
Заңдық тұрғыда бұл мәселені толық ашып, толықтырып қарау керек. Осы бойынша біз жазбаша жауап береміз, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін санаққа тыныс-тіршіліктің шектелуі туралы сұрақтар неге енгізілгені анықталды.


Өзгелердің жаңалығы