Санаққа тыныс-тіршіліктің шектелуі туралы сұрақтар неге енгізілді?

15 Қыркүйек 2021, 17:13
2382
Бөлісу:
Санаққа тыныс-тіршіліктің шектелуі туралы сұрақтар неге енгізілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.

Тыныс-тіршіліктің шектелуі туралы сұрақтар қызу талқыланды. Неліктен көру, есту, жүру және есте сақтау көрсеткіштері енгізілді? Бұл сұрақ алдыңғы санақта да қойылғанын атап өткен жөн. Бірақ тұжырымдалуы басқа болды. 2009 жылғы халық санағының «Сіз жүру, есту, көру және сөйлеу кезінде қиындықтар сезінесіз бе?» деген жалпылама сұрақ осы қиындықтардың түрлері бөлінісінде қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік бермеді. Биылғы жылғы санақ парағына Мүгедектік статистика жөніндегі Вашингтон тобы ұсынған тыныс-тіршіліктің шектелуі жөніндегі қысқаша сұрақнама енгізілді, - деді ол.
Айдапкелов атап өткендей, бөлім 5 сұрақтан тұрады, онда тұрғындарға белгілі бір әрекеттерді орындау кезінде күнделікті өмірде кездесетін денсаулығына байланысты қиындықтарды бағалау ұсынылады.
Бөлімнің сұрақтарына 5 және одан жоғары жастағы респонденттер жауап береді. Халық санағының қорытындысы бойынша мүгедектер мен тыныс-тіршілігінде үлкен қиындықтар мен шектеулері бар, бірақ медициналық мекемелерге жүгінбеген, сондықтан ағымдағы статистикада көрсетілмеген адамдардың саны туралы деректер алынады. Сонымен қатар нәтижелер ұлттық бағдарламалар мен Мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенция шеңберінде одан әрі зерттеулер жүргізу үшін іріктемелер қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді Нұрболат Айдапкелов.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық статистика бюросының басшысы санақтағы «біртүрлі» сұрақтар бойынша түсініктеме берген еді.

Өзгелердің жаңалығы