Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

10 Қыркүйек 2021, 18:23
5924
Бөлісу:
Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов елімізде 3 мыңнан аса санақ бұрышы ашылғанын айтты.

Бүгін Ұлттық статистика бюросы елордада ашылған санақтан өтуге арналған бұрыштарға баспасөз турын өткізді.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Іс-шара барысында ХҚКО, Қазпошта және сауда орталығында ашылған бұрыштардың жұмысымен таныстық.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов елімізде мұндай бұрыштардың саны бүгінгі күні 3 мыңдай екенін айтты.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) мен ірі сауда орталықтарында, Қазпошта филиалдарында халық санағынан онлайн өту бұрыштарын ұйымдастырдық. Әр аймақтағы бұрыштарда арнайы консультанттар жұмыс істеп жатыр. Санаққа қатысып жатқан тұрғындардың белсенділігін байқап отырмыз, - деді бюро басшысы.

Ол халыққа меморган тарапынан қажетті жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Яғни алғаш рет цифрлы форматта ұйымдастырылып жатқандықтан арнайы сайт әзірледік. Қазіргі күні жұмыс жақсы жүргізіліп жатыр. Азаматтардың қатысуға ынтасы бар. Сонымен қатар арнайы Call-орталықтар да жұмыс істеп жатыр, - деп түсіндірді Нұрболат Айдапкелов.

Ол санақтан онлайн өтуге мүмкіндігі жоқ азаматтар қалай тіркеле алатыны туралы айтты.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Санақтан өтуге қажетті құралдары жоқ азаматтар үшін осы бұрыштарды арнайы ұйымдастырып отырмыз. Барлық мүмкіндік жасалған. Бүгінгі күні ел бойынша 3 мыңнан астам санақтан өту бұрышы ашылды. Нұр-Сұлтанда 17, ал Алматыда 145 бұрыш бар. Әр ауданда территориясына байланысты бұрыштар ашылып жатыр, - дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Сөзінше, азаматтар өз беттерінше онлайн өтуге мүмкіндігі болмаса, онда өңірінде ашылған бұрыштардағы мамандарға жүгіне алады.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Әр бұрышта консультант мамандар тұрғындарға онлайн санақтан өтуге көмек беріп жатыр. Елордадағы сауда орталығында бүгін бұрыш бірінші күн жұмыс істеп жатыр.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Санақ жүргізуге атсалысып отырған бюроның бас маманы Айтолқын Имаш алғашқы жұмыс күні қанша адам санақтан өткені туралы айтып берді.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Бүгін сауда орталығында санақтан өтуге арналған бұрыш ашылды. Таңғы сағат 9-дан 18.30-ға дейін жұмыс істейміз. Тұрғындар келіп жатыр. Бүгін шамамен 30-40 адам санақтан онлайн өтті. Түсінбеген сұрақтары болса, оны түсіндіріп жатырмыз, - дейді маман.

Сонымен қатар Шымкентте 155, Қостанай облысы – 21, Ақмола облысы – 258, Атырау облысы – 81, Маңғыстау облысы – 31, Павлодар облысы – 253, Жамбыл облысы – 82, Ақтөбе облысы – 172, Түркістан облысы – 485, Алматы облысы – 312, Батыс Қазақстан облысы – 206, Солтүстік Қазақстан облысы – 155, Шығыс Қазақстан облысы – 353, Қызылорда облысы – 325, Қарағанды облысында 112 бұрыш бар.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Айта кетейік, бүгінгі күні шамамен 1,5 млн-ға жуық адам санақтан өтті.

Сауалдарға онлайн жауап беру мүмкіндігі 15 қазанға дейін қолжетімді. Қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өтудің бірнеше жолы қарастырылған: SANAQ.GOV.KZ сайты, E-GOV порталында тіркелу және AITU мобильді қосымшасы.

Санақ-2021: Халық санағы қалай өтіп жатыр?

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауал бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.


Өзгелердің жаңалығы