«Самұрық-Қазына» басшыларының жалақысы айтылды

4 Мамыр 2022, 15:40
1421
Бөлісу:
«Самұрық-Қазына» басшыларының жалақысы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Сәтқалитвің айтуынша, қор басшылығы айына 700-ден 1 миллион теңгеге дейін алады.  Кейбір портфельдік компаниялардың топ-менеджерлері 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы алады.

Сыйақы, сыйлықақы қоры жайында сөз қозғасақ, ол да қызмет көрсеткіштеріне, жеке немесе корпоративтік жоспарлардың орындалуына тікелей байланысты. Яғни, бұл сома да бюджеттермен шектеледі, – деді Алмасадам Сәтқалиев баспасөз мәслихатында.

Компания басшысы мамандардың жалақысы орташа  айлықтан төмен екенін айтты.  Олардың мөлшері 2016 жылдан бері өзгерген жоқ.  Көптеген үміткерлер әңгімелесу кезінде жалақы деңгейін біліп, жұмыс істеуден бас тартатынын жеткізді.

Сонымен қатар Сәтқалиевтің атап өтуінше, «Самұрық-Қазына» қоры ел экономикасындағы үлесін азайтуды көздеп отыр.

Осы мақсатта Қордың портфельдік компанияларының көпшілігі алдағы жылдары IPO және SPO-ға шығарылатын болады. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» стратегиялық активтердегі бақылау үлесін сақтап қалады, -деді ол. 

 

Бұған дейін «Самұрық-Қазына » АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев компания қызметкерлерінің жалақысын қанша пайызға көтергенін айтқан болатын. 

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов компания жұмыскерлерінің жалақысы өсетінін айтты. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы