Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды

21 Қазан 2020, 11:46
2036
Бөлісу:
Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; 

Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы