СҚО-да пакетке салынған шақалақтың денесі табылды

26 Ақпан 2020, 16:08
1493
Бөлісу:
СҚО-да пакетке салынған шақалақтың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының ауруханасының маңынан пакетке салынған жаңа туған шақалақ табылды. Қыз баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалады.

25 ақпан күні СҚО Тайынша аудандық полиция бөліміне Обуховка ауылында аудандық аурухананың маңынан сәбидің денесі табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнын тексеру барысында жедел іздестіру тобы аула құрылыстарының арасына жасырып қойған пакетті тапқан. Оның ішінде жаңа туған шақалақтың денесі жатқан. Алдын ала болжам бойынша оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") бойынша бірыңғай реестрге тіркелді. Күдікті 1992 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада. 

  Сәбидің неден көз жұмғанын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамаға жіберілді.



Өзгелердің жаңалығы