Абай облысындағы өрт оқшауланды

26 Сәуір 2024, 18:34
261
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт оқшауланды
Фото: ТЖМ

Абай облысының өрт сөндірушілері алдын ала болжам бойынша 9600 шаршы метр аумақтағы шемішке қабығының өртін оқшаулады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер отын беру галереясы арқылы өрттің таралуына жол бермеді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, Абай облысының өрт сөндірушілері ірі өртті сөндіріп жатқанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы