Сұлтанов Сағадиевке не үшін рахмет айтты

20 Ақпан 2019, 13:19
2253
Бөлісу:
Сұлтанов Сағадиевке не үшін рахмет айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов есеп беру кездесуінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке алғысын айтты. 


«Балалардың демалысы бойынша мектептер жанынан Community деп аталатын қосымша білім беру орталықтарын ашу арқылы шештік. Қазір олардың саны – 4-еу, біреуі балалар үйінде орналасқан. Ол жерде балалар роботты техникадан бастап хореографияға дейін,  STEM-зертханалардан бастап шахматқа дейін, әрине спорт секцияларын қоса алғанда бірнеше үйірмелерге қатыса алады.  Мұндай орталықтардың әрбірі 800 балаға дейін қамти алады. Тегін үйірмелер мен секциялар бұл – көпбалалы отбасылар мен жеңілдік санатындағы азаматтарды шынайы қолдау. Бұл әсіресе балаларын қараусыз қалдырудан қорқатын ата-аналарға ыңғайлы болмақ», - деді Сұлтанов халыққа есеп беруінде.

Ол осыған байланысты қызықты жоба әзірленіп жатқанын айтты. Атауы –  ұзартылған күн оқушылар тобы немесе «продленка». 

«Біз қазір осы жобамен айналысатын бір коммерциялық емес ұйымды қолдап жатырмыз. Қысқаша айтқанда, «продленка» жұмысы үшін студенттердің арасынан волонтерларды, кейде тіпті ақылы мамандарды тартатын болады. Көпбалалы отбасылар мен жеңілдікті санатындағы азаматтарға баса назар аударылады», - деді қала мэрі.

Ол  қазіргі таңда үй жұмысын орындау балаға да, ата-аналарға да «кәдімгідей» жұмыс боп кеткенін айтты.
 
«Үйде балалармен үй жұмысын орындап, қосымша уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін министр Ерлан Сағадиев ағамызға рахмет! Бұл жобамен бір оқпен екі қоянды аттық. Үлкен балалар үй жұмыстарын тыныш жерде және жақсы жағдайда орындай алады. Ал сол кезде аналар кішкентай балалары тамақтанып, ұйықтағаннан кейін өзін дамытумен айналысып не басқа жұмыстар жасай алады. Сол себепті бұл жобаны МЖӘ аясында қолдауға дайынбыз. Осы жобамен жұмыс істеуге дайын кәсіпкерлерден де қолдау күтеміз», - деді ол.
Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы