Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

15 Қазан 2021, 09:47
1536
Бөлісу:
Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Ресей спортшысы Вероника Кудерметова Индиан -Уэллстегі турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Людмила Киченокты (Украина) / Елена Остапенконы (Латвия) 6:4, 6:3 есебімен ұтты. 

Екеуара кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Рыбакина мен Кудерметова үш рет Эйс орындады, сондай-ақ қос қате жасады және 14-тен алты үзіліс ұпайын жүзеге асырды. Финалда Елена мен Вероника турнирдің екінші жұбы - Сие Шувейге (Тайвань) / Элис Мертенске (Бельгия) қарсы ойнайды.

Айта кетерлігі Индиан-Уэллсте өтіп жатқан жарыстағы жекелей сында қазақстандық отандасымыз Юлия Путинцева екінші айналымнан тоқтаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы