Бас жаңалықтар
Рыбакина WTA рейтингісінде 17-орынға көтерілді
14 Қыркүйек 2021, 17:18 102

Рыбакина WTA рейтингісінде 17-орынға көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингісін жаңартты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-орынға жайғасты. Елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеді. Ол қазір әлемде 44-орында тұр. Зарина Дияс 105-қатарда.

Айта кетейік, жұптық сында Анна Данилина 88-орынға көтерілді. Жібек Құламбаева мен Гозаль Айтиндинова да айтарлықтай жоғарылап, 466 және 493-орындарды иеленді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...