Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

3 Қыркүйек 2020, 09:04
905
Бөлісу:
Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.

Жүлде қоры 53,4 млн АҚШ долларына бағаланған «Үлкен дулыға» жарысының 11-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина екінші айналымда рейтингте 93-орында тұрған америкалық Шелби Роджерспен кортқа шықты. 

Қазақстандық теннисші биыл 21-ге толса, тәжірибелі қарсыласы 27-де еді. 

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бірінші партияда бірден жинақы ойнаған америкалық спортшы брейкпен алға кетті. 

Дегенмен есеп 3:5 болған мезетте Елена қайыра брейк жасап, өз геймін де жібермеді – 5:5. Бірақ қарсыласы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5. Екінші сетте есеп 2:1 болғанда Ш.Роджерс брейк жасап кетті – 3:1. Тағы бір брейк – 5:1. 

Ақыры ол он минуттан астам уақытқа созылған соңғы тартысты геймде алтыншы матчболын пайдалана алды – 6:1. 

Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды. 


 


 

Өзгелердің жаңалығы