Румыния елшісі: Павлодар облысы – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі

26 Сәуір 2019, 09:37
1650
Бөлісу:
Румыния елшісі: Павлодар облысы – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар әкімдігінде қала басшылығы мен Румыния елшілігі өкілдерінің кездесуі болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Шаһар әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуге елдер арасындағы экономикалық, мәдени және сауда қарым-қатынастарын дамыту ғана емес, жекелеген аймақтарында да орнату болды.

«Павлодар облысы ЖІӨ қалыптастыру бойынша алдыңғы қатарда екенін мен білемін, оннан аса қала құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындар аймақ экономикасының қозғалысы болып табылады», - деп атап өтті Румыния елшісі Чезара Маноле.

Кездесу барысында ауыл шаруашылық, ақпараттық технологиялар, мәдениет және спорт салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Павлодар Әкімінің орынбасары Аян Бейсекин атап өткендей, Румыния мен Қазақстан арасындағы сауда саласы табысты дамып келеді. Павлодар мұнайхимия заводы модернизациялау жобасы аясында «SC Rominserv S.R.L» румын компаниясы мен ПМХЗ арасында келісім-шарт жасалған болатын, осыған сәйкес румын мамандары құрал-жабдықтарды сатып алумен және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысты.

Чезара Маноле румын тауарларын қазақстандық нарыққа қайта экспорттау жөнінде ұсыныс айтты. Сондай-ақ, Румыния мен Павлодар құрметті консулдығын құру мәселелері талқыланды. Бұл Ертіс өңірін дамытудың жаңа перспективаларын ашады және екі елдің достастығының дәлелі болады.

Өзгелердің жаңалығы