Өртенген автобустың жүргізушісін күйік шалған

4 Маусым 2020, 16:05
1778
Бөлісу:
Өртенген автобустың жүргізушісін күйік шалған

Алматы, BAQ.KZ. Алматының қақ ортасында өртенген автобустың жүргізушісі қолын күйдіріп алды. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖД-нің мәліметінше, сағат 14:47 кезінде куәгерлер 101 нөміріне хабарласып, көшенің ортасында автобустың өртеніп жатқанын хабарлаған.
Арада 5 минут өткенде өрт сөндірушілер сол жерге жетіп, 2014 жылы жасалған Yutong автобусының өртеніп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, өрт сол маңдағы жарнама баннеріне де жетіп үлгеріпті. Бұл автобустар газбен жүреді. Өртті бірден сөндіру үшін көбік шашатын "Пурга2" құрылғысын пайдаланды. Жедел шаралардың рақасында өрт 8 минут ішінде сөндірілді. Өрт кезінде автобус жүргізушісі оң жақ қолының күйік шалғанын хабарлады. Алайда аруханаға жатудан бас тартты, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 мүшесі мен 2 техника және 2 мотоциклет экипажы тартылған.

Бұған дейін, Медеу ауданындағы Назарбаев көшесі бойында жолаушылар автобусы өртеніп жатқанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы