Коронавирус: Ревакцинациядан бас тартқандарға шара қолданыла ма?

15 Қазан 2021, 18:43
11076
Бөлісу:
Коронавирус: Ревакцинациядан бас тартқандарға шара қолданыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлады. 

Сондай-ақ ол ревакцинацияны вакцинаның нешінші дозасы деп атауға болатынын айтты.

Ревакцинацияны вакцинаның үшінші дозасын алу деп атауға болады. Бұл вакцинаның екі компонентін алып қойған азаматтарға ревакцинациядан өтпегені үшін қандай да бір қосымша шектеулер қарастырылып жатқан жоқ. Бұл мәселелерді әзірге қарастырған жоқпыз. Осы орайда атап айтатын дүние, ревакцинация процедурасының өзі көп жағдайда алдын ала белгіленген топтар арасында өтеді, - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Оның айтуынша, аталған санатқа халықтың денсаулығы осал топтары жатқызылады.
Сондай-ақ ағзадағы антидененің талдауы теріс нәтиже көрсеткен адамдар ерікті түрде ревакцинацияға келе алады, - деді Ерлан Қиясов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобамен таныстырған болатын.
Өзгелердің жаңалығы