Цой денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобамен таныстырды
15 Қазан 2021, 18:37 5623

Цой денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобамен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, «Салауатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» атты ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт бойынша медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бақыланады. Ал екінші бағыт – эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған. Үшінші бағыт бойынша отандық фармацевтика саласының дамуына көңіл бөлеміз. Төртінші бағыт халықтың салауатты өмір салтын ұстануы мен бұқаралық спортты дамытуға арналады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ Ұлттық жобаның бірінші бағыты бойынша медициналық қызметтің сапасын қанағаттандыру деңгейін 80%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.
Ауылдық елді мекендер алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен 100% қамтамасыз етілетін болады. Кем дегенде 40 денсаулық сақтау нысаны мен 2 ғылыми орталық жаңғыртылады, - деді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бұған дейін министрлік ауыр дертті емдейтін қымбат дәріні қалай тегін алуға болатыны туралы айтқан еді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...