Республикалық жолдардағы қала және елді мекен атаулары латын қарпінде жазылады

19 Шілде 2019, 13:17
3255
Бөлісу:
Республикалық жолдардағы қала және елді мекен атаулары латын қарпінде жазылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық жолдардағы қала және елдімекен атаулары мемлекеттік және ағылшын тілінде жазылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде "QazAvtoJol" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліп айтты.


Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдар бойында орналасқан қала атаулары мемлекеттік тілден бөлек, орыс тілінде де қосарланып жазылып келген еді. Мысалы, "Нұр-Сұлтан - Нур-Султан", Қарағанды - Караганда" деген секілді. 

"Бізде белгіленген стандарттар бар. Қазір латын қарпіне өтуге байланысты  рет-ретімен латын қарпінде жазуға тырысып жатырмыз. Ол жерде қала аттары мен елдімекендердің атаулары мемлекеттік тілде латын қарпінде және xалықаралық тіл ретінде ағылшынша жазылады. Яғни екі тілде", - дейді Ұлан Әліп.
Өзгелердің жаңалығы