Бас жаңалықтар
Республика «жасыл аймақта» тұр – Цой
03 Қаңтар 2021, 12:51 458

Республика «жасыл аймақта» тұр – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында коронавирус пандемиясы бойынша әлемдегі жағдайға тоқталды.

Министрдің айтуынша коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық жағдайы тұтас әлем бойынша қолайсыз жағдай туғызып отыр.

Әлемнің 220 елінде коронавирус дертінің 84 миллион жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 миллион 840 мың адам қайтыс болды. Бұл 2,2 пайыз. Елімізде бүгінге дейін Covid-19 жұқтырған 156 мың 943 науқас тіркелді. Ал, сауыққан адамдардың пайызы 87-ге дейін өсті. Маусым-шілде айларында бұл көрсеткіш 60 пайыздан асқан жоқ. Республика тәуекелі төмен яғни, «жасыл аймақта» тұр. Тәуекелі жоғары аймақта немесе «қызыл аймақта» Атырау облысы қалды. «Сары аймақта» немесе тәуекелі орташа аймақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары тұр, - деді Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 714 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...