Бас жаңалықтар
Ресейдің бас эпидемиологы: Вакцинация арқасында эпидемияларды жеңгенімізді ұмытып кеттік
12 Қыркүйек 2019, 13:06 200

Ресейдің бас эпидемиологы: Вакцинация арқасында эпидемияларды жеңгенімізді ұмытып кеттік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз вакцинацияның арқасында адам өміріне қауіп төндіретін қаншама инфекция, эпидемияларды жеңгенімізді ұмытып барамыз. Вакцинацияға балалар ғана мұқтаж емес екенін түсінуіміз керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: мәселелер мен шешімдер» қазақстандық алғашқы конгресінде Ресейдің бас эпидемиологы Николай Брико айтты.

Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері Орталық Азия елдеріндегі вирустық және паразитарлық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай мәселелерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде вакцинациялау мен иммундық профилактиканың маңыздылығын талқылады.  

Ресейдің бас эпидемиологы Николай Брико өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құралы ретінде өмірлік вакцинопрофилактиканы қолдану тәжірибесімен бөлісті.

«Инфекциялық аурулар мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. 1997  жылы Дүниежүзілік денсаулық күні жаңа инфекциялық аурулар мәселесін талқылауға арналған. 2000 жылдан бері жыл жаңа екі инфекциялық ауру пайда болуда. Инфекция мәселесін жалғыз жүріп шешу мүмкін емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінгі күні адамның денсаулығына әсер ететін он мәселенің бірі – вакцинациядан бас тартушылардың көбейіп келе жатқаны екенін айтады. Біз дәл осы вакцинацияның арқасында адам өміріне қауіп төндіретін қаншама инфекция, эпидемияларды жеңгенімізді ұмытып барамыз. Бұл – дұрыс емес позиция. Вакцинация инфекциямен күресу үшін ғана керек жоқ, оған балалар ғана мұқтаж емес екенін түсінуіміз керек. Вакцинация – салауатты өмір салтының элементі», - дейді Николай Бирко.

Сондай-ақ, Ресейдің пас эпидемиологы вакцинопрофилактика міндеттері айтарлықтай кеңейтілгенін айтты.

«Вакцинопрофилактика міндеттері айтарлықтай кеңейтілді:  ол дегеніміз тек аурулардың алдын алу, сырқаттанушылықты және мүгедектік пен өлім-жітімді төмендету ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және белсенді ұзақ өмірді қамтамасыз ету. Иммундау өмір бойы емдеуге жатқызу санын төмендету және еңбек өндірісін жоғарылату есебінен денсаулық сақтауға кететін шығыстарды азайтуға ықпалдасатын болады», - деді Ресейдің бас эпидемиологы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық