Ресейдегі атыс: 2 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанған

14 Қараша 2019, 11:15
1892
Бөлісу:
Ресейдегі атыс: 2 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Благовещенск қаласындағы колледжде болған атыстан 2 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанды. Бұл туралы Амур облысы бойынша Ішкі істер министрлігінің басқармасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 14 қараша күні таңертең Благовещенск қаласында болған. Шевченко-Красноармейская жолдарында кезекшілік атқарып жүрген жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басты басқармасының жол көлік қызметі патруліне жас жігіт жүгіріп келіп, жақын жердегі колледжде белгісіз біреу оқ жаудырғандығын айтады. 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері екінші қабатта қарумен жүрген жігітті көреді. Ол полицияға қарсы оқ атқан. Полиция да жігітке қарсы оқ атып, оны оқу аудиториясына оқшаулап алады. Сол кезде полиция қызметкерлері студенттер мен оқытушыларды колледжден шығарып алады. 


Оқиға орнынан екі жас жігіттің денесі табылған. Оның бірі оқ жаудырған жігіт. Алдын ала мәлімет бойынша, атыс кезінде үш адам зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнында жедел-іздестіру тобы жұмыс жасап жатыр. 

Полицияның мәліметінше, атыс жастар арасындағы кикілжіңнен шығуы мүмкін. Жергілікті мэрия білім беру мекемелерінің аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел комиссия құрған. Оқиға орнына қала басшылары шығып кеткен.




Өзгелердің жаңалығы