Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы Тоқаевқа хат жолдады
9 Қаңтар, 10:49 988

Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы Тоқаевқа хат жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау хат жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Біз тонау мен қарақшылықтың, зорлық-зомбылықтың, сотсыз жазалаудың кез келген түрін айыптаймыз және әділдік, бейбітшілік пен келісімге, тыныштыққа, заңдылық пен тәртіпке қол жеткізуге ұмтылатын барлық адамды біріктіре отырып, бауырлас Қазақстанға дұға тілейміз, –  делінген мүфти Равиль Гайнутдиннің хатында.

Айта кетері, 5 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі жаппай митингіге байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Бас мүфти қазақстандықтарды сабырға, бірлікке шақырып, діни басқарма әрқашан халықпен бірге екенін атап өтті.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...