Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді

8 Шілде 2020, 12:05
1299
Бөлісу:
Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

РФ гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы "СҚ-Фармация" ЖШС болып табылады. Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүкпен бірнеше рейс күтілуде. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен бауырлас орыс халқына алғысын білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы