Бас жаңалықтар
Рахат Бекболат ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды
VIDEO
12 Қазан 2021, 08:10 706

Рахат Бекболат ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 155, серпе көтеуде 200 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 355 келіні еңсерді. 

Күміс медальді түркиялық Танер Чаглар (337 келі), қоланы Ирак өкілі Али Аммар Рубаяши (334 келі) иеленген. 

Бұл Рахат Бекболаттың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында иеленген екінші алтыны. Бұған дейін ол Ташкентте өткен әлемдік додада 377 келіні бағындырып, жеңімпаз атанған болатын. 



Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//