ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады

28 Ақпан 2019, 11:18
2092
Бөлісу:
ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады.

 

Өзгелердің жаңалығы