Қызылордада тәртіпсіздік кезінде әскери «Камазды» басып алған азамат ұсталды
13 Қаңтар, 13:13 303

Қызылордада тәртіпсіздік кезінде әскери «Камазды» басып алған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, тәртіпсіздікке орын беріп, әскери  «Камаз» автокөлігін тартып алып, өзі тізгіндеген ер адам ұсталды, деп хабарлады Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Тартып алынған автокөлікті тізгіндеу кезінде  қала орталығында орналасқан Жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камераларын автокөлікпен соғып, сындырған. 

Әрі қарай ол Қызылорда облысы ПД Жергілікті Полиция қызметі басқармасының ғимаратының кіре беріс қоршауын әскери көлікпен  сындырып, бүлікшілерге өз ойларын іске асыруға жол беріп, өзі оқиға орнынан бой тасалаған. 

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 272–бабының 2-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу) және  202 бабының 2–бөлігінің 1– тармағымен (Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған)  бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды, - деп хабарлады Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...