Қытайлық ММА файтері төрешінің аяғын сындыра жаздады

12 Қаңтар 2020, 14:37
15828
Бөлісу:
Қытайлық ММА файтері төрешінің аяғын сындыра жаздады
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жек (MMA) файтері моңғолиялық Шинечагтга Золтсетсег One Championship 106 турнирінде қытайлық Ма Я Веньді нокаутқа түсірді. 

Жекпе-жек видеосы ұйымның Twitter-аккаунтында жарияланды, деп жазды vesti.kz. 

Қытайлық спортшы 55-секундта қарсыласының ауыр соққысына түсіп қалды. Жерге сұлап түскен ол төрешінің аяғына жармасып, әдіс жасамақ болды. 

Аяққа мұндай әдіс жасау айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. 

MMA-да мұндай тәсіл жасауға рұқсат берілген, алайда бразилиялық джиу-джитсу турнирлерінде бұған тыйым салынған, өйткені адам өміріне қауіпті.

Өзгелердің жаңалығы