Министр: Жұмыс беруші қысқартылған жұмыс уақытын енгізуге құқылы

18 Наурыз 2020, 13:34
2611
Бөлісу:
Министр: Жұмыс беруші қысқартылған жұмыс уақытын енгізуге құқылы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен онлайн брифингте ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еңбек қатынасына қатысты азаматтарға түсініктеме берді.

 Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастар саны күрт өсуіне байланысты бүгін түнде 00.00-ден бастап екі қаламызда карантин жарияланады. Бұл өз кезегінде азаматтардың жүру-жылжуына шектеулер қойылып, санитарлық және эпидемияға қарсы шаралар күшейтілетін болады. Бұл жағдайлар кәсіпорындар, ұйымдардың, сондағы жұмысшылардың жұмыс тәртібіне өз әсерін тигізеді, - деді Нұрымбетов. 

Министрдің айтуынша, барлық мекеме, ұйым қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруы қажет.

Барлық мекеме, ұйым қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, барлық жұмысшыны қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруы қажет. Кеше ел президенті бүкіл мемлекеттік органға, квази мемлкеттік ұйымдарға да 70%-ға дейінгі қызметкерлерін осы тәртіпке ауыстыру жөнінде тапсырма берді. Басқа мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар да осы тәртіпке көшулері қажет. Бұл жағдайда жұмыс тәртібі Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі. Мекеменің, ұйымның басшысы тиісті бұйрық шығарады және жалақыны төлеу тәртібі өзгермейді. Әдеттегідей атқарылған жұмыс үшін ай сайынғы жалақы төленетін болады, - деді Біржан Нұрымбетов.

Нұрымбетовтің айтуынша, егер де жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын енгізуге құқылы. 

Егер де жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын енгізуге құқылы. Бұл Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі. Жұмыс беруші аптадағы жұмыс санын не сағатын азайтуға болады. Бұл жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар жалақыны атқарылған жұмыс сағатына қарай алады, - деді министр. 

Оның сөзінше, енгізілген карантинге байланысты кей мекеме жұмысты тоқтатуға мәжбүр болады.

Төтенше жағдайға және енгізілген карантинге байланысты кей мекеме жұмысты тоқтатуға мәжбүр болады. Осы жағдайда біздің елімізде жұмыс берушілер Еңбек кодексінің 112-бабына сүйенуі тиіс. Еңбек кодексінің бұл бабына сәйкес, мәжбүрлі түрде жұмыс тоқтаған кезде жұмысшыларына кеміне біздің елімізде белгіленген ең төменгі жалақыны төленуі тиіс. Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері мөлшері - 42 500 теңге. Бірақ еңбек не ұжымдық шартта жұмыс мәжбүрлі түрде тоқтаған кезде жұмысшыға одан жоғары мөлшерде жалақы көрсетілсе, шартта қарастылылған мөлшерде төленеді. Бірақ ол ең төменгі жалақыдан кем болмауы қажет, - деді Біржан Нұрымбетов брифинг барысында.
Өзгелердің жаңалығы