СҚО-да құстарды әдейі өлтіруі мүмкін. Ақпарат қаншалықты рас?

21 Қыркүйек 2020, 16:37
1764
Бөлісу:
СҚО-да құстарды әдейі өлтіруі мүмкін. Ақпарат қаншалықты рас?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Солтүстік өңірге барған комиссия мүшелері үш құс фабрикасына кіріп шықты. 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қызғалдақ Жұбатқанова Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларының иелері өтемақы алу үшін құстарды арнайы өлтіріп жатыр деген ақпараттың қаншалықты рас екеніне тоқталды.

Солтүстік өңірге барған комиссия мүшелері үш құс фабрикасына кіріп шықты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені, елді мекендердегі қырылған құстар міндетті комиссия мүшесімен тіркеліп, негізгі актілерге қол қойылады. Жергілікті әкімдік және Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің республикалық эпизоотиялық жасағы бар, оның ішінде жергілікті аумақтық инспекция қатысады. Сондықтан, әрбір жағдай тіркеледі, тіркелгеннен кейін барып анықталады, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қызғалдақ Жұбатқанова еліміздегі құс тұмауы анықталған 5 өңірдің бірқатар ауданына шектеу шаралары қойылғанын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы