Қостанайда жоғалып кеткен 8 жасар баланың денесі табылды

21 Маусым 2020, 17:30
1559
Бөлісу:
Қостанайда жоғалып кеткен 8 жасар баланың денесі табылды

Алматы, BAQ.KZ. Кеше жоғалып кеткен 8 жастағы баланың өлі денесі табылды. 

Бұл туралы Alau.kz сайтында хабарланды.

Қостанай облысы Федоров ауданында тұратын Руслан Тайкин 20 маусым күні жоғалып кеткен. Ол үйінен скейтборд тебуге шығып кеткен. Баланы соңғы рет Әуезов көшесінің бойында көрген.

Жоғалған баланы полициямен бірге волонтерлер де іздеген еді.

Бала өлі күйінде табылды, сүңгүірлер оның мүрдесін судан алып шықты. Барлық ата-ананы балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамыз, - дейді Қостанай облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы