Облыстық Қазпоштаның басшысы жеке тұлғаны жұмысқа орналастыру үшін пара алған

9 Шілде 2019, 17:13
1710
Бөлісу:
Облыстық Қазпоштаның басшысы жеке тұлғаны жұмысқа орналастыру үшін пара алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы басшысының пара алу фактісін анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ол бөлім басшысы арқылы жеке тұлғаны жұмысқа орналастыруға көмек бергені үшін 250 мың сомасында пара алды деп күдіктелуде. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктілерге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.

Өзгелердің жаңалығы