Заманауи өнер жұлдыздары өз туындыларын Қазақстанда ұсынды

9 Шілде 2019, 16:59
3607
Бөлісу:
Заманауи өнер жұлдыздары өз туындыларын Қазақстанда ұсынды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан «Racing the Galaxy» атты халықаралық көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара «Astana Art Show» жыл сайынғы заманауи өнер фестивалінің аясында өтіп, онда әлемнің 15 елінен келген 20 заманауи өнер жұлдызының туындылары ұсынылған. 

Көрме қала күнінің қарсаңында қаланың екі маңызды ғимаратында - Тәуелсіздік сарайында және Бейбітшілік және келісім сарайында ашылып, аты аңызға айналған Карлос Круз-Диез Ұлттық музей алаңын түсті жаяу жүргіншілер өткелі ретінде безендірді. Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Artios» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.

IMG_3078.jpg

Сонымен қатар, «Racing the Galaxy» атты халықаралық көрмеде Микеланджело Пистолетто (Италия), Леандро Эрлих (Аргентина), Joel Andrianomearisoa (Мадагаскар а.), :mentalKLINIK (Түркия), Асхат Ахмедьяров (Қазақстан) және одан да басқа әйгілі қазақстандық және әлемдік суретшілерінің туындылары ұсынылатын болады. Жобаның кураторлары ARTIOS және TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова және әлемге әйгілі француз кураторы және халықаралық көркемдік жетекшісі Jérôme Sans болады. Джером Санс атақты Palais de Tokyo (Париж) негізін қалаушы және Пекиндегі Ullens заманауи өнер орталығын басқарған.

IMG_3298.jpg

«Racing the Galaxy» көрмесі 3 шілдеде Елорда күні қарсаңында ашылды.

ASTANA ART SHOW 2019 заманауи өнердің жанрларын ғана емес, сонымен қатар мәдени әртүрліліке көкжиектерді кеңейтеді, шекараларын өшіреді. Елордада екінші рет өткізілген «ASTANA ART SHOW-2019» негізгі хабарламасы - үлкен іс-шарада жиналатын барлық суретшіге тән көшпенділік пен еркіндік рухы.

IMG_3311.jpg

ASTANA ART SHOW 2019 көркем экспозицияларымен қатар, өткізілетін шеберлік сабақтарын, семинарларды, ашық дәрістерді, отбасылық сапарларды қамтиды.

Аталған көрме 30 шілдеге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы