Вице-министр Қазақстанның энергетикалық жүйесінің қысқы кезеңге дайындығын айтты

23 Қыркүйек 2019, 14:19
2079
Бөлісу:
Вице-министр Қазақстанның энергетикалық жүйесінің қысқы кезеңге дайындығын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов алдағы қысқы маусымға дайындықты баяндады. 

«Тұтастай алғанда, Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істеуде. 19 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша электр энергиясын тұтыну 73,1 млрд кВт/сағ құрады. Бұл өткен жылдың деңгейінен 1,7 %-ға артық. Энергия кәсіпорындарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау бекітілген жөндеу кестелеріне сәйкес жүргізілуде. Биыл 5 энергоблокқа жөндеу жүргізілді, бұл жылдық көлемнің 45 %-ын қамтып отыр. Сонымен қатар, жөнделген 40 қазандық, бұл жылдық көлемнің 63 %-ын және 23 турбина жылдық көлемнің 50 %-ын құрады. Жөндеудің әртүрлі кезеңіндегі 4 энергия блогында, 28 қазандықта және 18 турбинада жұмыстар жүргізілуде», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, электр желілері бойынша 21 мың шақырым электр беру желілері мен 1 152 шағын стансаға жөндеу жүргізілген.

«Бұл жылдық жоспардың тиісінше 84 %-ын және 92 %-ын құрайды. Алдағы жылыту маусымына дайындық үшін орталықтандырылған жылумен қамту аймағында 459 қазандықтың 428 қазандығына жөндеу жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 93%-ын қамтыды. Сонымен қатар, бірқатар өңірде жөндеу кестесінде белгіленген мерзімдердің сақталмауы және артта қалуын байқалуда», - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы