Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 1000-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді – Скляр
12 Мамыр, 14:21 357

Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 1000-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумында айтты.

Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі экономика. Біз инвестициялық ахуалды жақсартуға және әлеуетті инвесторларға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударамыз. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 380 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Біздің еліміз табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде 6-шы орында, пайдалы қазбалар бойынша өңірлердің жалпы көлемі бойынша 10-орында тұр, – деді Скляр.

Оның айтуынша, Қазақстан – Еуропаның ең ірі сауда-экономикалық серіктесінің бірі.

Германиямен барлық негізгі бағыт бойынша стратегиялық серіктестікті нығайту және дамыту мақсатын ұстанып тұрады. Пандемия кезіндегі шектеулерде біз екіжақты ынтымақтастықты даму үрдісін сақтап қана қоймай, онлайн форматты пайдалана отырып, нақты жобаларды ілгерілете алдық. Бүгінде ГФР Қазақстанның басты сауда-экономикалық серіктесінің бірі, – деді ол.

Скляр атағандай, Мемлекет басшысының 2019 және 2020 жылдары Германияға барған сапарларының нәтижесі де бар.

2015 жылдан бастап санағанда Германияның Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялық көлемі 5,2 млрд долларды құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 20 пайызға төмендеді. Қазір ол көрсеткіш қалпына келгенін байқап отырмыз.  Қазақстанда герман капиталының қатысуымен мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді,- деді ол.

Айта кетейік, бизнес форумға екі елдің министрлік өкілдері және инвесторлары қатысып жатыр.


Фото: автордан
Загрузка...