Қазақстан хоккейден Әлем чемпионатының элиталық раундына жолдама алды

4 Мамыр 2019, 20:29
2307
Бөлісу:
Қазақстан хоккейден Әлем чемпионатының элиталық раундына жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шайбалы хоккейден елордада өтіп жатқан 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионатында Қазақстан І орынға көтерілді. 

Бүгін Қазақстан құрамасы өз тариxында алғаш рет Беларусь xоккейшілерін жеңді.

Бас бапкер Андрей Скабелка бұл матчта мына ойыншыларға сенім артты: Карлссон - Метальников-Маклюков, Михайлис-Сен-Пьер-Боченски; Диц-Орехов, Шевченко-Бойд-Некряч; Клещенко-Шалапов, Жайлауов-Сагадеев-Акользин; Семёнов-Әсетов, Петухов-Шестаков-Рымарев.

Қазақстан құрамасы бірінші кезеңді 2:0 есебімен аяқтады. Алғашқы шайбаны 9-минутта «Барыс» шабуылшысы Никита Миxайлис соқты. Оған нәтижелі пасты шығарып берген Брэндон Боченски мен Сен-Пьер. 

Ал 16-минутта Талғат Жайлауов есепті еселей түсті. Ардагер ойыншы осы турнирдегі алғашқы голын соқты.

Екінші 20-минуттықта Артем Демков есеп айырмасын қысқартып, Беларусь құрамасына үміт сыйлаған. 

Соңғы шешуші кезеңде Никита Феоктистов тіпті таразы басын теңестіріп кетті. Абырой болғанда овертаймда Аркадий Шестаков айдын иелеріне жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 3:2.

Сөйтіп, жерлестеріміз алғаш рет Беларусь құрамасын жеңді. Бұған дейін 10 матч қатарынан есе жіберген едік.  

Осылайша, Қазақстан 4 кездесуден кейін 11 ұпай жинап, турнир кестесінде І орынға көтерілді. ІІ орында Беларусь құрамасы. Екеуі енді келесі жылы Әлем чемпионатының элиталық раундында ойнайды. Қазақстан өз тариxында тоғызыншы рет элиталық раундта өнер көрсететін болады. 

Қазақстан – Беларусь 3:2 ОТ (2:0, 0:1, 0:1, 1:0):

1:0 - Михайлис (Сен-Пьер, Боченски) - 08:36;
2:0 - Жайлауов (Рымарев) - 15:12;
2:1 - Демков (Плэтт) - 26:49;
2:2 - Феоктистов (Волков, Китаров) - 34:16;
3:2 - Шестаков (Метальников, Әсетов) - 63:42.

Төртінші турдан кейінгі көшбасшылар:

1. Қазақстан – 11 ұпай;
2. Беларусь – 10 ұпай;
3. Оңтүстік Корея – 6 ұпай.

Ертең Қазақстан Венгриямен соңғы кездесуін өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы