«Қазақстан халқына» қорының құрылуы өте маңызды – Гела Васадзе
15 Қаңтар, 17:00 393

«Қазақстан халқына» қорының құрылуы өте маңызды – Гела Васадзе

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда биліктің форматы өзгереді деп ойлаймын. Кейбір адамдар айтып жүргендей, Қазақстанда кландық күрес жоқ, дейді Грузияның стратегиялық орталығының сарапшысы (GSAC) Гела Васадзе. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің арнайы отырысында сөйлеген сөзі туралы айтып кеткім келеді. Оның басты ойы – әлеуметтік әділдікті орнату. Осыған байланысты қиын-қыстау кезеңде азаматтарды қолдау мақсатында президент әкімшілігі мен үкіметтен дербес болып, толығымен қоғамға бағынатын «Қазақстан халқына» қорының құрылуы өте маңызды болып отыр. Қазақстан билігі әлеуметтік компонентті нығайту үшін қолдан келгенін жасайды, бұл – халықты тыныштандырудың жалғыз жолы. Халық қазіргі кезде болған оқиғадан кейін есеңгіреп қалған, қазақ халқы былай тұрсын, бұл жағдай көршілес елдерді де алаңдатты, - деді ол.

Екінші мәселе – құқық қорғау жүйесіндегі реформалар. 

Оларға ішкі, әскери, қылмыс және қаржы мәселелері кіреді. Осы жерде біз өте мұқият бақылаймыз. Бұл орайда Түркия, Әзербайжан мен Өзбекстанның қайта құру тәжірибесіне назар аударған жөн деп санаймын.  

 Әлем қауымдастығы үшін тағы бір маңызды мәселе – ҰҚШҰ бітімгерлерінің Қазақстандағы миссиясының аяқталғанын, 10 күн ішінде әріптес елдер әскерилерінің республика аумағынан кететі туралы жариялау, - деді Гела Васадзе.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...