Қазақ-қырғыз шекарасында 130-ға жуық жүк көлігі кезек күтіп тұр
12 Қаңтар, 22:22 316

Қазақ-қырғыз шекарасында 130-ға жуық жүк көлігі кезек күтіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу бекетінде жүк көліктері көптеп жиналып қалды. Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, 11 қаңтарда түнде шекарада шамамен 130 жүк көлігі тұрған.

Азаттықтың мәліметінше, шекарадан өте алмай тұрған жүк көліктерінің онында ауыл шаруашылығы өнімдері, жиырмасына контейнерлер тиелген.

Қырғызстан шекара қызметі жүк көліктерінің көбейіп кетуін мерекеден кейінгі белсенділік деп есептейді.

Қырғыз жағында жүк көліктеріне шектеу жоқ.

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы басқа да бекеттерде адамдар мен көліктердің кезегі байқалмайды.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының қырғыз жағында жүк көліктерінің кезегі үнемі пайда болып тұрады, кейде оның ұзындығы бірнеше шақырымға созылады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...