Қайрат Құдайберген жылап тұрып үндеу жасады

19 Маусым 2020, 11:45
9382
Бөлісу:
Қайрат Құдайберген жылап тұрып үндеу жасады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ыстығы көтеріліп, коронавирус белгісі бар-жоғын анықтайтын тест тапсырған кәсіпкер әрі Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген халыққа үндеу жолдады.

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Коронавирусқа сенбейтін адамдар, далада өзіне қарамай жүрген адамдар, маған қарасаңыздар болады. Жалпы, қандай ауру екенін білмеймін. Кеше ПЦР тест тапсырғанмын, нақты жауабы ертең келеді деп айтты. Температура 38-39,5 арасында болып тұр, өте қиын. Үш күн осындай температура болып жатыр, - дейді Қайрат Құдайберген. 

Ол елді сақтыққа шақырды, бетперде мен қолғап киюді ұмытпау керектігін еске салды. Ол қанша қорғанса да, коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ дене қызуын өлшеп, 39,2 градус екенін көрсетті. 

Қанша қорғансам да, осындай жағдайға душар болдым. Сол себепті өздеріңізге қараңыздар, достар! Еліміз осы індеттен тезірек шықсын. Сау болыңыздар! - дейді кәсіпкер.


Өзгелердің жаңалығы