Қайрат Мәми: Конституция - биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты

28 Тамыз 2019, 11:38
6903
Бөлісу:
Қайрат Мәми: Конституция - биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

IMG_4653-28-08-19-10-36.JPEG

Дөңгелек үстелге Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, Парламент депутаттары, құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ белгілі отандық ғалымдар қатысты.

IMG_4656-28-08-19-10-36.JPEG

Дөңгелек үстелді жүргізген Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми Ата заңның Қазақстан халқы үшін биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты екенін айтты.

IMG_4654-28-08-19-10-36.JPEG

«Конституция – егемендігімізді әйгілейтін, азаттығымызды айқындайтын маңызды құжат әрі татулықты ту еткен елдігіміздің алтын қазығы. Ата Заңды құрметтеу, бұлжытпай орындау – алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты» - деді ол.

Сонымен қатар, Қайрат Мәми биыл қабылданғанына 24 жыл толып отырған Ата заңымыздың ерекшеліктеріне тоқталды.

IMG_4659-28-08-19-10-36.JPEG

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республикалық референдумда қабылданған қолданыстағы Конституция елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітудің құқықтық негізін қалады. «Болмысын құқықпен айшықтаған, өмірін тәртіппен өргізген ел азбайды», деген дана сөз бар. Сондықтан бұл мемлекеттік мерекені белгілеу – еліміздің өркениетті құқықтық жолмен дамитынының белгісі. Бұл жолды таңдаған да, Ата Заңның мәтінінде қарастырылған мерекені бекіткен де биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы» - деді Конституциялық Кеңестің Төрағасы.

IMG_4655-28-08-19-10-36.JPEG
Жиын екі секциядан тұрды. Іс-шара барысында елдегі әлеуметтік, құқықтық және демократиялық мемлекеттің қағидаттарын бекіту бағытының тереңдеуін ескере отырып, Конституцияның рөлі мен әлеуетін жан-жақты талқыланды.
Өзгелердің жаңалығы