«Қайғылы қаңтар». Ойран салу мен ғимараттарды басып алу қанша аймақта орын алды?
15 Қаңтар, 21:30 424

«Қайғылы қаңтар». Ойран салу мен ғимараттарды басып алу қанша аймақта орын алды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев хабарлады.

Оның айтуынша,  ойран салу мен ғимараттарды басып алу 11 аймақта орын алған.

Оларға қатысушылар саны 50 мыңға жетті. Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні террористер Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты мен «Алматы» халықаралық әуежайын басып алды. Сондай-ақ бандиттер Өрт сөндіру бөлімін, Алматы қалалық Полиция Департаментін, Әуезов және Жетісу аудандық полиция басқармаларын басып алуға әрекет жасады, 7 қару-жарақ дүкеніне басып кірді, - деді Серік Шалабаев.

Сонымен қатар Бас прокуратура өкілі қанша автокөліктің зардап шеккенін айтты.

Ұлттық қауіпсіздік қомитеті Шекара қызметінің 2 «КАМАЗ» автокөлігіне, полиция департаментінің 2 қызметтік автокөлігіне, қала әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясының ғимараттарына, 4 Сауда орталығына банк бөлімшелеріне өрт қойылды. Қызылорда қаласында шабуылшылар 9 автокөлікті өртеді. Бір жауынгерді көлікпен қағып өлтірді. Қалада қарулы топтар жүрді, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, күш қолдану арқылы Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында облыс әкімдіктерінің ғимараттары басып алынған.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...